Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады

31 арна журналистері ел шулаған жағдайға байланысты әншінің өзінен сұхбат алмақшы болған. Алайда Төреғали «қолым бос емес» деп құтылып кетпек болды.

Талдықорған қаласында концерт бермекші болған әншінің жоспарын білген тілшілер, түсіру тобымен сонда барған. Бірақ белгісіз бір топ жігіт пен әншінің әкесі төреәлі оларға былапыт сөз айтып, камераларын жұлқылай түскен.

«Жина мынаны. Өшір бәрін. Содан кейін барып бәрін айтамын…»,-дей келе бейәдеп сөздер араластырған Төреәлі тілші қыздың камерасынажабыса кеткен.

Астына ауыр көлік мінген әнші халықтың назы одан да ауыр болатынын, бетін жасырған Төреғали шындықтың жүзі  бәрібір ашылатынын ұмытып кеткендей.

Әкелі-балалы азаматтардың ел талқылауына түскен бұл әрекеттері  алқашқысы емес. Бұған дейін де талайы болған, жалғаса да беретін сыңайлы.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды

Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады

Алты күнде безеуден арылған модель сұлулықтың құпиясымен бөлісті

Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

Талқылау