National Geographic фотографы қазақтың үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 19:32

National Geographic фотографы дәстүрлі қазақтың үйлену тойын түсіруге аңсары ауып жүр. Фотограф қазір Маңғыстау облысында сапарлап жүр. Қызықты репортаж үшін ол қазір жас жұбайларды іздеп жатыр.

Бұл ойын Джон Стейнмейер Instagram-дағы парақшасында айтқан.

«Қазақстандағы инста-достар, жақында кім Маңғыстау облысында үйлену тойын жасамақшы? Қазақтың дәстүрлі тойын суретке түсіріп, NatGeo тарихына енгізгім келеді», – деді фотограф.

Айта кету керек, автор жақында Ақтау қаласындағы көкпарға дайындалып жатқан жігіттерді суретке түсіріп, National Geographicке жариялаған болатын.

Бұл әлемдік ресурстағы алғашқы сурет емес. Бұған дейін американдық фотограф Филипп Толедано мен израильдік фотограф Шауль Шварц NatGeo Инстаграмдағы парақшасында Қазақстан туралы бірнеше сурет жариялаған болатын.

Бірқатар кәсіби байқаулардың жеңімпазы, 2014 жылғы World Press Photo премиясының иегері, белгілі фотожурналист Дж. Стэнмайер әлемнің 100 елінде болған. Қазір ол Пол Салопек есімді журналистпен Қазақстанды жаяу аралап жүр. Жолаушының фотоесебін оның жеке парақшасынан көруге болады.

Жіберіп алмаңыз:

National Geographic ақтаулық шабандоздардың суретін жариялады

Қазақстандық сурет National Geographic журналының 2015 жылдың ең үздік фотолары тізіміне енді

Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар