Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NASA 1969 жылы Айда болған сөмкені байқамай сатып жіберген

Американдық NASA ғарыш агенттігі 1969 жылы Нил Армстронгтың айдағы үлгілерді жинауға қолданған сөмкесін байқамай сатып жіберіп, енді заңгерлер арқылы сөмкені қайтаруға күш салуда.

20160810160625

Өткен жылы техникалық ақау болып, Иллнойс тұрғыны Нэнси Карлсон сөмкені бар-жоғы 995 долларға сатып алған еді. Сөмкенің түпнұсқалығын растау үшін оны NASA агенттігіне жібергенде, насалықтар бір түсініспеушіліктің болғанын білген.

Ғарыш агенттігі «ұлттық мүлік болмаса да, сирек артефакт болып саналатын» сөмкені қайтарып алуды ұйғарып, федералды прокурорларға жүгінген. Өз кезегінде Нэнси Карлсон сөмкені өзінде қалдыру үшін қарсы шағым жазған.

1969 жылы американдық ғарышкерлер Нил Армстронг пен Базз Олдрин Ай бетіне қонған тұңғыш адамдар атанды.

Жіберіп алмаңыз:

NASA Жердегі тіршілікті екі минутта көрсетіп шықты (видео)

Қазақстандық оқушы жазда АҚШ-тағы NASA-ға қарасты астраномия мектебінде оқу грантын ұтып алды

NASA Плутон бетінен өрмекші торына ұқсас жарықтар тапты

Талқылау