Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200-ден астам құрбан: Мысырдағы мешітте болған жарылыстың видеосы пайда болды

Мысырдың Ариш қаласындағы мешіттегі жарылыстан қайтыс болғандар саны 200 ден асып жығылды. Жарылысты куәгерлердің бірі телефонға түсіріп алған екен, жақында ғана YouTube желісіне жүктеді.

Бұл туралы РИА жаңалықтары жазды

24-ші қараша күні болған жарылыстан қайтыс болғандардың дені күштік құрылым қызметкерлері екен. Олар жұма күні намазға жиналғандар.Қара ниеттілер жұма намазын оқып отырған халыққа қарата граната лақтырып, артынан жол талғамайтын көлікке қондырылған пулеметтен оқ жаудырған.

Тура қазіргі есеп бойынша жарылыс құрбандарының саны 235 адамға жетті. Бұл туралы елдің прокуратура қызметі ресми мәлімдеме барысында айтты.

Куәгерлердің сөзінше жарылыстан қашпақшы болғандарды терроршылар қуып жүріп атқан. Жараланғандарды тасуға келген жедел жәрдем көлігін де атып тастады деген бейресми деректер бар.

Оқи отырыңыз:

Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Әнші Інжудің егіз қызы Роза Рымбаеваны ерекше өнерімен тәнті етті (фото)

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

 

 

 

Талқылау