Ернар Айдар: Аурухана төсегінде  барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

Жұма, 24 Қараша , 2017 10:01

Бұл Ернар Айдар бұрынғыдан өзгерек! Жол апатынан кейін әнші жігіт дәл осындай ой түйген. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген өнер иесі ауруханада жатып, тоқтаусыз көз жасына ерік бергенін айтады.

Өйткені, Ернардың білмей істеген қателіктері көп еді. Сондықтан болар, сері әр қадамына аңдып басып, мейлінше мейірімді болуға тырысып бағуда.

«Былайша айтқанда бір күнді өткізетін уақытымның өзі өзгерді. Бүгінде өмірде де, өнерде де бір сәттің өзін пайдалы жұмысқа арнауды үйреніп келемін. Мәселен, бір адаммен жолыға қалсам, сол кісіге пайдам тиетіндей не істей аламын деген ой тұрады.

 Барлық өткеніңе бір шолу жасап шығасың. Ол алған мақтау, мадақтарыңа емес, көрген қуанышты сәттеріңді емес, ол жерде ең бастысы қателіктеріңді еске түсіресің. Пендеміз ғой, қателіктер болды ғой болмады емес. Соларды ойлайсың да,  өзіңе ой түйесің, көп нәрсені тиясың, көп нәрсеге өзіңді соған мәжбүрлейсің», – дейді Ернар.

Иә, күнделікті әнсапар, той-томалақ, танымалдылық және халықтың ыстық ықыласы мен ерекше қошеметі Ернарды қатты өзгерткен. «Жұлдыз аруына» да шалдыққан кездері болыпты. Тіпті тыңдармандарына дөрекелік көрсетіп, жанкүйерлерін бағаламаған сәттері де жиі орын алған. Бірақ, әнші жігіттің бойында мұндай жағымсыз қасиеттердің бәрі атышулы жол апатына дейін болған. Ол кезде сабырлылық таныту Ернардың ойына да кіріп шықпапты.

«Содан кейін сабыр, төзім деген қасиеттерді үйрендім. Әсіресе, сабырлылық маған сабақ болды. Мысалы, маған ренжіп жатады, мен суретке түсуге үлгермей жатсам, маған халық қатты сөйлеп жатады. Соларға сабырмен қарайтын болдым. Мен ол тыңдарманыма қайтадан сөз қайтарып, айқайламайтын болдым. Маған біреулер қатты сөйлеп жатса, үндемей қала беретін болдым. Онымен жұдырықтасқаннан кейін ешқандай пайданың жоқтығын түсіндім», – дейді Ернар Айдар.

Бәрін айтта бірін айт! Ернар жол-көлік оқиғасына дейін ет-жақындарының да жүрегін жиі жаралағанын жасырмады. Мансаптың соңынан кеткен сері жігіт, ата-анасының көңіліне талай мәрте қаяу түсірген.

«Менің ең басты қателігім ата-анамның көңілін қалдырып қойғанымды байқамай қалған екенмін. Әсіресе, әке-шешеме көңіл бөлмей қалған кездерім көп болған екен. Содан кейін қызбалықпен жүріп мен үшін жаны ашып жүрген ағаларымды ренжітіп қойғанымды да аңғармаппын. Тіпті, жалғыз қарындасыма да көңіл бөлмеппін ғой. Атақ, танымалдылықтың буымен, дүниеге құныққанымды да байқамай қалыппын», – дейді әнші.

Бүгінде Ернар сабырлы жігіт! Кез-келген шешімді қабылдар алдында ата-анасымен ақылдасып, ағаларының ақылын тыңдайтын болған. Әр таңын шүкірлікпен қарсы алып, кешін тәубемен батырады. Сондай-ақ, жақында болатын 5 жылдық концертінде де дәл осы тақырып аясында ерекше кеш әзірлеп жатқанын жеткізді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz  сайтының хат түріндегі рұқсатын алуыңыз керек.

Оқи отырыңыз:

Желідегілер Салтанат Бақаеваға үшінші перзентінің қыз болуын тіледі (фото, видео)

Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды

“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)

Абай мен Асхат : Халықтың есінде тек той әншісі болып қалуға ұяламыз

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар