Абай мен Асхат : Халықтың есінде тек той әншісі болып қалуға ұяламыз

Бейсенбі, 23 Қараша , 2017 10:32

Бүгінде «Аспанға қараймын» десе есімізге Абай Бегей, «Чип-чип-чип» деген сөзді естісек ойымызға бірден Асхат Тарғын оралатын болған.

Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген қос әнші, қазіргі таңда жоғарыда аты аталған әндердің жетістігін қайталай алмай жүргендерін жеткізді.

Иә, Абай мен Асхат тағы бір хит шығаруға қанша мәрте талпынғанымен, әлі күнге дейін әрекеттері жүзеге асар емес. Тіпті, өздерін басқа бағытта сынып көріп, ән әлеміндегі стилін өзгеруге тырысып бағыпты. Алайда, қос хитменнің қадамынан түк шықпапты.

«Соңғы кездері сахнаға домбыра алып шығып жүрмін. Термелерді өңдеп шығаруға бел буып көрдік. Тағы жаңа әндер де бар. Бірақ «Аспанға қараймын» әнін бәрібір айтқызады. Бұл әнді қанша айтпаймын деп әрекет жасасам да болмай жатыр», – дейді Абай.

«Мені той әнімен танылғаннан кейін, мені той әншісі деп ойлайды көбі. Қазір қазақы стильде жаңа әндер жазып жатырмын. Тіпті, бейнебаян да түсіріп қойдым. Мен басқа бағытта ән айта аламын дегенім ғой. Той әншісі болып халық жадында қалғым келмейді», – дейді Тарғын.

Қазақ эстрадасында бір әнмен ғана бағы жанған қос хитменнің басқа әндеріне сұраныс та некен-саяқ көрінеді. Абай Бегейдің барған жерінде «Аспанға қараймын» әнін орындауды талап етсе, Асхатқа «Чип-чип» әніне қолқа салады екен.

«Әр әншінің өзіндік төлқұжаты бар. Мәселен, Ұлықпан Жолдасов «Алтынай», Заттыбек «Ақ маржан», Төреғали Төреәлі «Бол жанымда» сияқты. Бұл «Аспанға қараймын» әні де менің бағымды ашқан. Бірақ, талай әнді жазғаныммен, дәл осындай ән тәрізді хитті енді таба алмайтын сияқтымын. Тіпті, шындығы керек қорқыныш та бар», – дейді Абай Бегей.

«Ондай «бомба» жасап, хит болатын әнді табу өте қиын екен. Хит шыға беру мүмкін емес. Бірақ еңбекпен келетін дүние. Ол табылмауы да мүмкін. «Чип-чип» әніне дейін Алматыға келіп қаншама ән жазған болатынмын. Бұл ән басыма қонған бақ деп білемін. Әзірге «Чип-чиптің» жетістігін қайталаған ән жоқ. Оны мойындау керек», – дейді Асхат Тарғын.

Естеріңізге сала кетсек, Абай Бегей мен Асхат Тарғын 2014-шы жылы халыққа кеңінен таныла бастады. Алайда, бұл екі әншінің де дәл қазіргі таңда хит-шерулердің көшін бастаған әндері жоқ!

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Еспанов үйленгісі келген ұлына тыйым салып, ұрсып тастағанын айтты (фото)

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

Мемлекеттік марапатқа ие болған Сиви Махмуди жұрттың сынына ұшырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар