Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Інжудің егіз қызы Роза Рымбаеваны ерекше өнерімен тәнті етті (фото)

Кішкентайлардың тұсауы үлкен сахнада кесіліп, оларға Роза Рымбаева оң бағасын берсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Дәл осындай мәртебе, әнші Інжудің егіз қызына бұйырды. Халық әртісінің ыстық ықыласына бөленген қос ханшайым өнерлі екенін де байқатты.

Коллаж: Stan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Бүгінде Алана мен Аилина бір жарым жаста! Роза Рымбаеваның мерейтойында, кәсіби сахнаға қадам басқан ханшайымдардың анасы Інжу! Әншінің айтуынша, қос қызы Халық әртісінің бұл кешіне ұзақ уақыт әзірленген.

Фото Інжудің желідегі парақшасынан алынды

“Түрлі-түрлі форс-мажорлық ситуация болып қалса, қалай болар екен деп ойластырып қойғанбыз жан-жағын. Жылап қалатын болса, құлап қалатын болса деп. Бірақ, барлығы ойдағыдай шықты. Ол менің ойымша Роза Қуанышқызының жақсы ниеті”, – дейді әнші Інжу.

Анасының сөзіне сенсек, Алананың пысықтығы әзірден байқалса, Аилинаның бауырына қарағанда байсалды екенін айтады. Дегенмен, дәл осы дебюттен кейін, Інжу бұл бүлдіршіндердің болашағына үлкен үміт артып отыр.

“Бала көргенін істейді дейді. Сол себептен әрине, егерде менен үлгі алып шығамын деп жатса мен барынша қолдаймын”, – дейді Інжу.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбетті шоу-бизнестен шеттетіп тастаған кім?

Танымал актриса 30-дан асқан шағында лауазымды азаматқа тұрмысқа шықты (фото)

Қайрат Түнтеков: Жол апатына қатысты сот процесі әлі жалғасуда

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

 

Талқылау