Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Музарт Life” тобы халыққа алғашқы бейнебаянын ұсынды (видео)

Халықтың мақтанышына айналған “Музарт” тобының ізбасарлары алғашқы бейнебаяндарын жарыққа шығарды.

музарт лайв журегім сені ансаган

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тырнақалды туынды “Жүрегім сені аңсаған” әніне түсірілген. Бейнебаянда жігіттердің үлкен сахнаға алғаш жасаған қадамдары көрсетіледі. Ізбасарларына қолдау көрсеткен “Музарт” тобы мен олардың директоры Ерлан Жүнісбай да клипте бой көрсеткен.

Айта кетейік, “Музарт Life” тобының құрамында музыкалық жобада жеңіске жеткен 4 жігіт өнер көрсетеді. Олар – Сұлтан Ахмет, Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбай және топтың ең жас мүшесі Әзиз Балтабекұлы.

“Музарт Live” жобасы кезінде-ақ тыңдармандардың көңілінен шыққан 4 жігіт еліміздің 4 аймағынан жиналған.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың жазында басталған “Музарт Live” жобасының жеңімпаздары желтоқсан айында анықталған болатын. “Музарттық” серілер топқа ат беру үшін жарты жыл ойланды, халықтан кеңес сұрады. Бір жағынан өзара бір тоқтамға келе алмады. Алайда ақырында ізбасарларынан құралған команданы жоба атауымен атады.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан “тырнақ астынан кір іздеген” тыңдарманымен ұрсып қалды

Төреғали сал ауруына шалдыққан 6 жасар бүлдіршіннің арманын орындады

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ

Талқылау