Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан “тырнақ астынан кір іздеген” тыңдарманымен ұрсып қалды

Жуырда ғана Ерке ұлы Мүсліммен бірге Мысыр елінде демалып келді. Әншінің тарихи мекенде өткізген кезекті демалысы естен кетпестей өткен ұқсайды. Себебі елге оралғанына 1 апта болғанына қарамастан, Ерке Мысырда көрген қызықтарымен бөлісіп жатыр.

18722726_1426188264106621_35278792649867264_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда қылықты әншінің бұл әрекеті кей тыңдармандарына ұнамай қалған. Мәселен, желі оқырманының бірі Еркені желіге “ішкен-жегенін салатын мақтаншақ” деп сынаған.

«Ерке, сен демалуға емес, суретке түсу үшін барған сияқтысың. Әрине, естелік суреттердің болғаны дұрыс, жұртпен бөліскен. Бірақ ішкен-жегеніңе дейін түсіріп не қажеті бар? Жалғыз сен демалып жүрсең де… Кешіріп қоярсыз», – деп жазады оқырман.

S70531-242727

2 миллионнан аса жазылушысы бар Ерке әншейінде мұндай пікірлерге зер салмайтын. Бұл жолы әншінің шыдамы шегіне жеткен сияқты. Ол “тырнақ астынан кір іздеген” оқырманына жауап берді.

«1 апта болды 10 күндік демалысымнан қайтып келгеніме! Әдемі суреттерді салғым келсе саламын, өз парақшама өзім қожамын. Ішкен-жегенімді ешқашан салған емеспін, парақшама дұрыстап қарап шықсаңыз болады. Тырнақ асты кір іздеп, зачем?» – деді Ерке.

S70531-242646

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали сал ауруына шалдыққан 6 жасар бүлдіршіннің арманын орындады

Айдар Тұрғанбек елді ораза тұтуға үндейтін бейнебаян түсірді (видео)

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

КешYou-дің жаңа бейнебаяны “арзан жарнамаға толы” деген атқа қалды (видео)

Талқылау