Мұхтар Құл-Мұхаммед шахтерлерді жер астынан шығуға шақырды

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысының ереуілге шыққан шахтерлері келіссөздер жүргізу үшін үстел басына жиналуы керек деп есептейді.

Ол партиялықтар “АрселорМиттал Теміртау” жұмысшылары мен басшылығы арасындағы дауды реттеуге атсалысып жатқанын атап өтті.

“АрселорМиттал Теміртау” шахтерлер ереуілін ұйымдастырғандарды сотқа берді
“Партияның Қарағанды облыстық филиалының басшылығы жанжал шыққан күннен бастап келіссөздер процесіне қатысып жатыр. Шахтерлер өздерінің нақты талабын қойды, қазір келіссөздер жүргізіліп, барлығы бүге-шігесіне дейін талқылануда. Бұл тек экономикалық сипаттағы еңбек дауы. Жұмыс берушілер қойылған шарттың бір бөлігін орындап үлгерді, дегенмен проблема бар, оны шешу керек. Сонымен қатар көмір бағасының қымбаттауына жол беруге болмайды “, — деп мәлімдеді Құл-Мұхаммед.

Партия төрағасының орынбасары облыс шахтерлерімен келіссөздер жүргізу қажет деп есептейді, ол үшін олар кенжардан шығуы керек.

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Рогов жаңа қызметке тағайындалды

Елбасы: балағын қысқартып, сақал қойған діндарларға исламның дінін түсіндіру керек

Саясаттанушы: Назарбаев билік транзиттік кезеңге өтпей тұрып лауазымды тұлғалар орнын ауыстырды

Нығматулин Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар