Нығматулин Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

 Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Ең бастысы, қазір жұмыс беруші, кәсіподақтар мен кеншілер арасында диалог жүріп жатыр. Сондықтан қазір эмоция керек емес, келіссөздер нәтижесін күтейік”, — деді Нығматулин журналистерге.

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бүгін таңғы сегіздегі жағдай бойынша жер астынан 154 адам шықты.

Оқи отырыңыз:

Танымал порноактрисаның жігіті отбасы бақытының құпиясын айтты

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қостанай облысында 35 мемлекеттік қызметкер сауық кешіндегі видеолары үшін жауапқа тартылды

Экс-депутат Айгүл Соловьева: Жезөкшелікті заңдастыру керек

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар