Саясаттанушы: Назарбаев билік транзиттік кезеңге өтпей тұрып лауазымды тұлғалар орнын ауыстырды

Ел президентінің Тәуелсіздік мерекесі алдындағы лауазымды тұлғалардың қызметін ауыстыруында қандай астар бар?

Президенттің кадрлық өзгерістер енгізуінде белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсаты болды,-деп жауап берді саясаттанушы Сұлтанбек  Сұлтанғазиев Sputnik  Қазақстан басылымына берген сұхбатында.

-Лауазымды тұлғаларды орнынан жылжытуға не әсер болуы мүмкін?

-Бұл сұраққа бірден мынадай деп, дөп басып жауап беруге болмайды. Кадрлық ауыс-түйістің өзі жоқ дегенде үш мақсаты болады. Біріншіден, бұл өзгерісті әдеттегі орын алмастыру деп қарамау керек. Қазіргі саяси ахуалды назарға ала отырып бұл жағдайды-  Қазақстан билігінің транзиттік кезеңге өту барысындағы кадрлық ауысымның бірінші кезеңі деп қарауымыз керек.

Екіншіден, расыменен де кей азаматтардың жаңа ведомстваға келуі, жұмыстың жандануына өз әсерін тигізеді. Үшіншіден, кадырлық ауыс-түйіс болған кезде элита арасындағы тартыс немесе түсінбестіктің болғанын білдіреді.

-Яғни бұл дегеніңіз шенділерді бір креслодан екіншісіне ауыстырып қоясалу емес қой?

-Қазір, лауазымды тұлғаларда бұрыңғыдай өзіне жағдай жасап отыратын кезең емес. Жаңа орынға жайғасу  жақсы дастарқан басында шешілетін дүние емес. Қазір әл салаға тек сол мамандықты толық білетін, мәселесін нақты шеше алатын, Елбасының тапсырмасын 100 пайызға орындай алатын адамдар керек.

Елбасы жаңа тағайындаулар кезінде Жақып Асановтың  елдің Бас судьясы болуын ерекше атап өтті. Президенттің сөзінше сол жүйені осы кісі ғана модернизациялай алады.

Мен Назарбаевтың бқл ойымен толық келісемін. Президент айтқандай Асанов Бас прокурор болған кезде сол саланы айтарлықтай дамытты.

–  Осы өзгерістің барлығы Асанов үшін жасалды деген ой туғызатын сияқты. Себебі, ол жемқорлыққа батқан сот жүесін ретке келтіреді деген сенім бар

— Әрине кадырлық ауысымның барлығы Асанов үшін емес. Бұл дегеніңіз  сот жүйесі, прокуратура, жемқорлықпен күрес агенттігіне ұзақ уақыттан бері  қажеттілік туып тұрған жағдайдың іске асырылғаны. Байқасаңыз осы үш ірі әрі маңызды орган үнемі сыналатын.

– Қожамжаров туралы не айта аласыз?

– Егер Қожамжаровтың биографиясына қарап отырсақ ол жұмысын ең қарапайым әрі төменгі лауазымдардан бастаған. Сондықтан ол прокуратура жұмысының ішкі дүниелерімен жақыннан таныс. Оның осы саланы іліп алып, дөңгелетіп кететініне 1992 жылы прокуратураның үздік қызметкері атағының өзі дәлел.

– Ал Қайрат Мәми үшін бұл ауыс-түйістің нәтижесі төмендеу ме?

—  Бұл ауысу Қайрат Мәми үшін ұзақ жылдар бойғы саясаттағы қызметін әдемі әрі еңбегіне сай  аяқтау.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең әдемі қыз белгілі болды

Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Қазақстанда қандай жағдайда балалар үшін жәрдемақы төленеді

Тұмау диагнозы қойылған 20 жастағы қыз көз жұмды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар