Қазақстанда қандай жағдайда балалар үшін жәрдемақы төленеді

Қазақстанда ата-аналар өзара дауласып жатыр. Оларға белгісіз автор атынан хабарлама келген. Хабарламада кәмілетке толмаған балалары бар ата-аналарға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленетіні айтылған.

Хабарламада әрбір бала үшін бір АЕК көлемінде ақша төленетінін айтылған. Бұл аудио хабарлама желіде кең тарап кетті. Ай сайын 2269 теңге. Таспада қандай құжаттар керек екені де айтылған, деп хабарлайды 31 арна. 

Алайда Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бұл жаңалықтан бейхабар. Жұмыспен қамту орталығы мұндай мәліметтің жалған екенін айтты. Мамандар қандай жағдайда балалар үшін жәрдемақы алатынын тағы да атап өтті.

«Кәмілетке толмаған балалар үшін төленетін жәрдемақы отбасылық кіріс 60%-дан аспайтын болған жағдайда төленеді. Ол 1,05 АЕК, яғни 2382 теңге көлемінде», – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Мейіржан Отыншиев.

Психологтар жалған хабарламаларды адамдар өзіне назар аударту үшін әдейі жазатынын айтады.

«Мұндай адамдарды өзгенің пікірі қызықтырмайды. Олар өзін ғана ойлайды. Соңы не болады деп те ойланып жатпайды», – дейді психолог Оксана Чолак.

Заңда әзілдеп жалған хабарлама таратқаны үшін 11 миллион теңгеден астам айпыппұл төлейтіні жазылған. Егер айыппұл төлемесе, заң бойынша 5 жылға сотталып кетуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Тұмау диагнозы қойылған 20 жастағы қыз көз жұмды

Балқашта ақыл-есі кем жігіт оқушыны азғындаған

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар