Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта ұқыпты әке желіде ұлын азғындаған азаматты полицияға ұстап берді

Балқаш қаласында тұратын жас жігіт 12 жастағы баланы азғындауға әрекет жасаған, деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Балқаш тұрғыны өзінің 12 жасар баласын желі арқылы азғындап жүрген азаматты полицияға ұстап берді. Күдікті өз құрбанына арам пиғылын жүзеге асырып үлгермеген, тек баланы азғындаумен айналысқан.

Прокурорлар әр ата-ана өзінің баласы желіде немен айналысатынын қадағалап отырса дейді.

«Ұқыпты әкенің арқасында жасөспірімді азғындаумен айналысқан күдікті ұсталды»,-дейді  Қарағанды облысының прокуратура баспасөз қызмшісі Нұрлан Әбжанов.

Әкесінің сөзінше бейтаныс 12 жасар баладан жалаңаш суретке түсіп, оны өзіне жіберуді сұраған.

“27 қарашада ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Прокуратура мәліметінше, 27 жастағы күдікті “ақыл-есі кем” деген диагнозбен облыстық психоневрологиялық диспансерге тіркелген.

Жігіт ұсталып, Балқаш қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз:

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Біле жүріңіз: Жол полицейі тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Талқылау