Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейвезер: Менің көлігім Головкиннің тапқан табысынан қымбат

Бес түрлі салмақтағы бұрынғы чемпион америкалық Кіші Флойд Мефезер жанкүйерімен ерегесіп қалды. Жанкүйері оның Генадий Головкиннен әдейі қашып жүргенін айтқан екен.

Бұл туралы vesti.kz басылымы хабарлайды.

Оқиға Мейвезер арнайы барған “Нью-Йорк Никс” матчы кезінде болған. Шыға беріс есіктің тұсында жанкүйерлер оны қоршап алып, ішінде біреуі спортшының Головкиннен қашып келе жатқанын айтқан. Мейвезер өз кезегінде “Мен GGG-ден қорыққан жоқпын” деп жауап берген.

Төмендегі олардың әңгімесі берілген:

– Эй, Флойд Головкинмен жекпе-жекке шық. Triple G-ден қашудың қажеті жоқ. Қашпа.

– Тыңдашы, сен бокстың не екенін көріп пе едің? Мен өзімді қазір жақсы сезінемін.

– Иә, иә, иә. Өзіңді тамаша сезінесің.

– Тоқташы сен. Айтып алайын. Мен ақшаны ақылмен саламын. Біз бизнесімізді дамыту үшін барымызды саламыз.

– Сен бар болғаны Головкиннен қорқып қалдың. Меніңше, сен Triple G-ден қорқасың.

– Эй, ақылды, менің көлігім оның тапқан табысынан да қымбат тұрады.

– Мен айттым ғой. Флойд қорқып қалды. Флойд, қорқып қалдың ба? Шошытып жібердік пе? Мына жерде мамасының баласы бар сияқты. Сытылып шығудың шеберісің ғой. Ештеңке етпейді, біз сені кінәламаймыз.


Жіберіп алмаңыз:

Мәжіліс депутаты: Біздің ұлттық құрама ойын деңгейі бойынша аула футболының жұлдыздарымен теңесе алады

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

Талқылау