Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек магистратурадағы алғашқы сабақ күндері туралы айтып берді (видео)

Мейрамбек Беспаев 16 тамыз күні магистратураға экзамен тапсырып, грантқа түскен болатын. Енді міне әнші ЕҰУ-дегі алғашқы сабақ күндерінің қалай өтіп жатқанын айтып берді.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазақстандық көптеген жұлдыз әншіліктен бөлек бизнес ашып, өздерінің жеке кәсіптерін қолға алған. Бұдан өзге әншілер ЖОО қабырғасында білім алып, магистратураға түсуді жөн көрген. Олардың қатарында Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев сынды жұлдыздар бар. 16 тамыз күні емтихан тапсырхан Беспаев грант ұтып алған. Дәл қазір ЕҰУ қабырғасында білім алып жатыр. Толығырақ әнші Эльвира Ерғалина есімді журналиске баяндап берді.

“Адам білімді өмірінің соңына дейін іздеу керек деп ойлаймын. Тобыммен әлі танысып үлгермедім, бірақ барлығы 14 адам оқитынан білемін. Ерлан екеуіміз бөлек оқимыз. Өзіміз тапсырмаларымыз бен тақырыбымызды алып іске кірісіп жатырмыз. Жанар Дұғалова да бізбен бірге оқиды. Құдай қаласа, сабаққа үзбей келіп жүремін. Әзірге шәкіртақымыздың қанша екенін білмеймін, сондықтан оны не нәрсеге жұмсайтынымды айта алмаймын”, – дейді Мейрамбек Беспаев.

Журналист шәкіртақының 54 000 болатынын айтқан кезде әнші таңқалғанын айтып әзілдеді. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде Мейрамбек Беспаевтың қуанышына ортақтасты. Бірі әншіні шынайы өмірде көргендерін айтып жатты. “Мейрамбек өте жақсы адам. Бірнеше жыл бұрын мен дүкенде жұмыс істеп тұрған кезде келіп сауда жасайтын. Алғаш көргенімде таң қалып қарап қалғаным бар.

Сол кезде “Мені қайдан көрдім деп тұрсыз ба? Иә, мен сол теледидардағы адаммын” деп күлдірген-ді. Енді бірде көп ақша беріп “Маған осыған лайық екі балаға арналған заттар салып берші” деп айтқан болатын. Қолы ашық адам. Бір кездері ауырған кезде қатты уайымдаған едім. Дені сау болсын” дейді желі қолданушыларыны бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Жарнамаға түскен Мейрамбекке қыздар бұрынғыдан да қатты ғашық болып қалды (фото)

Мейрамбек Беспаев магистратура экзаменін тапсырды (фото)

Мейрамбектің ізбасары Нұрмұхаммед киноға түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаевтың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау