Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев: Құдай сақтасын, біреуді жамандаудан аулақпын

Мейрамбек Беспаев телеарналарға сұхбат берген кезде әр сөзіне мұқият қарайтынын айтып жатыр. Себебі, көптің алдында өзгені мұқатып, сүрінгенге жұдырық болғанды ұнатпайды екен. Бірақ, сыни пікірді міндетті түрде жеке өзіне барып айтатынын жеткізді.

18812398_462177224131700_3883085683274809344_n

Бұл туралы “Жұлдыз” арнасына берген сұхбатында айтып өтті.

“Құдай сақтасын, біреуді жамандаудан аулақпын. Көбінесе өзіне тікелей келіп айтқанды жақсы көремін. Теледидар арқылы ұрысып, сынап, ақылды болып көрінген дұрыс емес деп ойлаймын. Көзге көрінетіндей қателік болса, сынды жеке құлағына сыбырлап айтамын”, – дейді әнші.

Ел ішіндегі “Әнші көбейіп кетті, концерт көбейіп кетті” деген пікірлер ел ағасын қынжылтады екен. Оның ойынша, ән тыңдайтын заман бейбіт өмірдің белгісі. “Бірақ, тәрбиелік мәні аз өлеңдер кейде әттеген-ай дегізеді” дейді ол.

“Кейбір кезде “Әнші қаптап кетті, концерт көбейіп кетті” деген әңгімелер айтылып жатады. Бірақ, мұны заманның тыныштығының белгісі деп білемін. Қарынның тоқтығына, заманның бейбіт екендігіне қуануымыз керек. Мұндай заман қазақтың басына ешқашан келген емес. Дәл осындай концерттерден құдай айырмасын. Әрине, біздің елге ешнәрсе бермейтін концерттер бар. Яғни ешқандай тәрбиелік мәні жоқ. Әйтеуір, шықсам болдыны меңзеген дүниелер. Бірақ, көштің жүре келе түзелетінін анық қой. Әдетте мұндай концерттердің көрермендері аз болады. Түбінде адам баласы бәрібір жақсы дүниені аңсайды деп ойлаймын. Сол себепті, жақсы әншілердің қатары көбейе берсін деп тілеймін”, – дейді Мейрамбек Беспаев.


Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев комедия жанрындағы мюзикл әзірлеп жатыр

Ерғали Әбдіраймов Мырзахан сыйлаған VIP номерін көрсетіп, бағасын айтып мақтанды (фото)

Лионель Месси бала күнгі құрбысына үйленді (фото)

Криштиану Роналду өзінің екі баласының өмірге келгенін жариялады

Талқылау