Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірімділік, жалқаулық: Ғалымдар адам бойындағы кей қасиеттердің тұқым қуалайтынын айтты

Мамандар зерттеу жүргізе отыра қызықты жайттарды анықтады Адам бойындағы кей қасиеттің қанынан берілетінін айтты.

Мейірімділік

Мамандардың айтуынша, мейірімділік адамға қоршаған орта мен тәрбиеден бөлек қан арқылы да беріледі.

Зерттеуге сәйкес, адамдардың көпшілігінің мейірімді екені анықталды. Алайда адамдар оны көрсете бермейді.

Саяхаттау

Кей адам саяхаттауды ұнатса, кей адам үйінен шыққысы келмейді.

Бойында сабырсыздық пен қызығушылығы көп адамдар саяхаттағанды жақсы көреді. Олар жаңа орындарды зерттегенді жақсы көреді, кез келген өзгеріске дайын болады. Мұндай адамдар кез келген тағамды, тіпті есірткіні татып көруге дайын келеді.

Жалқаулық

Ғалымдар кеміргіштерді екі топқа бөліп зерттеді. Белсенді кеміргіштердің балалары да белсенді, жалқауларының балалары да өздері секілді жалқау болатынын білді. Сондықтан жалқаулықтың адам бойына да тұқымнан келетінін айтады.

Көлік жүргізу қасиеті

Ағзадағы DBNF ақуызы жаңа істерді үйренуге және есте сақтауға, күйзеліске  түскен жағдайда шешім қабылдауға көмектеседі.

Бойында осындай ақуызы аз адамдар 30 пайызға көлікті нашар басқарады. Жол жүргізу кезінде басқаларға қарағанда дұрыс бағыт ала алмайды. Адамдардың 30-40 пайызына көлік жүргізу қасиеті қаны арқылы беріледі екен. Ал, көлік жүргізіп үйрену тек геннен емес, адамның өзінің қызығушылығынан болады.

Кей көкөністерді жей алмау

Адамдардың экзотикалық тағамдарға, көкөністерге, кинза, сүттің қаймағы секілді тағамдарды ұнатпауы де тұқымынан берілетіні анықталды. Бұл ағзадағы SNP генінің мутацияға түскенімен байланысты. Әлемде 4−14 % адамдар кинзаға жиіркенішпен қарайды екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау