Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси Колумбияда әуе апатына тап болған ұшақ қызметін тұтынып жүрген

Танымал аргентиналық футболшы Лионель Месси кеше Колумбияда әуе апатына ұшыраған ұшақтың қызметін тұтынып жүрген.

45156451

Футболшы 10 қараша күні осы әуе кемесімен іріктеу турнирі матчтарына ұшып барған.

“Шапекоэнсе” клубының футболшылары болса әуе апатына дейін лайнердің ұшқышымен бірге селфи жасаған.

455465445

Ойыншылардың бірі суретті әуе кемесі көкке көтерілемін дегенше құрбысына жіберіп үлгеріпті.

Еске сала кетсек, кеше Боливиядан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Колумбияда апатқа ұшырады. Алдын-ала деректер бойынша ұшақ бортында 81 адам болған. Олардың 9-ы экипаж мүшелері. Ұшақ ішінде сондай-ақ, Бразилияның жоғарғы дивизионында ойнайтын “Шапекоэнсе” командасының мүшелері, клуб басшылығы, бапкерлік штаб өкілдері, техникалық қызметкерлер және журналистер мен үш қонақ болған. Ұшақ бортында болған 81 адамның 5-еуі ғана тірі қалды: үш футболшы, стюардесса және журналист.

Оқи отырыңыз:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Талқылау