Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Павлодарда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа құрам боксшыларын бекітті.

photo_71253

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты жариялады.

Құрамаға ел біріншілігінде топ жарған боксшылар мен жастар арасында құрлық аралық және әлемдік жарыста жеңімпаз атанған спортшылар кіріп отыр.

“60 келіге дейінгі салмақта құрамаға үш боксшыдан алынады, ал қалған салмақтарда – төрт боксшы. Ең ірі бәсекелестік жартылай ауыр салмақ 81 келіге дейін бес боксшы еніп отыр”, – делінген хабарламада.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін команда:

49 келі: Теміртас Жүсіпов, Ержан Жомарт, Шалқар Айқынбай

52 келі: Азамат Исақұлов, Әнуар Мұзапаров, Азат Махметов

56 келі: Қайрат Ералиев, Нұрбол Қалжанов, Ілияс Сүлейменв, Жанболат Қыдырбаев

60 келі: Зәкір Сафиуллин, Әділет Құрметов, Серік Теміржанов

64 келі: Бекдәулет Ибрагимов, Қуан Қуатов, Ділмұрат Мәжитов, Аян Қалибеков

69 келі: Данияр Елеусінов, Абылайхан Жүсіпов, Илья Очкин, Садриддин Ахмедов

75 келі: Әбілхан Аманқұл, Тұрсынбай Құлахмет, Ерік Әлжанов, Бек Нұрмағанбет

81 келі: Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы, Нұрдәулет Жарманов, Бекзат Нұрдәулетов, Шаймұрат Құсайынов

91 келі: Василий Левит, Антон Пинчук, Арбек Әбдуғаниев, Серік Мұсаділов

+91 келі: Иван Дычко, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрлан Сапарбай, Олжас Боқаев.

Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 2017 жылы 5-26 қаңтар аралығында Алматы облысындағы бүкіләлемдік бокс академиясында өтеді.

Оқи отырыңыз:

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Головкин өзінен аумайтын жігітпен кездесті

Талқылау