Головкин өзінен аумайтын жігітпен кездесті

Бейсенбі, 24 Қараша , 2016 12:06

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінен аумайтын 22 жастағы жігітімен кездесті.

450_5835e919718ed

Бұл туралы Boxingmonthly.com хабарлайды.

22 жастағы боксшы Бай Шан Бо (11-0-1) бүгінде Қытай мемлекеті атынан додаға түсіп жүр. Ол кәсіпқой бокста алғашқы орта салмақта өнер көрсетуде. Бұған дейін мамандар оның сырт келбетінің Головкинге қатты ұқсайтынын айтқан болатын.

Этникалық қазақ Бай Шан Бо Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында туған. Қытайда бокс әлсіз дамығанына қарамастан, ол өте жылдам алға басып келе жатқан талантты спортшы. Ол бойы ұзын әрі соққылары қойылған. Оны бәрі жергілікті Головкин деп санайды. Ол Генаға қатты ұқсайды, тек бір айырмашылығы Бай Шан Бо қазақша сөйлемейді. Айтпақшы, олар былтыр Қытайда өткен WBC конвенциясы кезінде жолыққан.

“Мен оның фанатымын. Барлық жекпе-жектерін қарап, оның стилін ұстануға тырысамын”, – дейді қазақ жігіті.

Бай Шан Бо да шаршы алаңға қазақы ою-өрнектері бар шапан киіп шығуды дәстүрге айналдырған. Бұған дейін қазақшы аты Бейсен Насиуллаұлы атты боксшының WBA нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы (64,5 келі) Қытай чемпионы атанғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз:

Илья Ильин: Мен қатты таң қалып тұрмын

Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

Илья Ильин олимпиадалық медальдарынан айырылды

Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


87758806343 Асет
7 күні 13 сағат кері

Ұқсамайт

Анонимно
13 күні 18 сағат кері

Ұқсамайды түк те.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар