Қазақстан тумасы кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда өлтіріп кетті

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 17:14

Кикбоксшы Мұса Мұсалаевты Германияда атып кеткен, оның орыс мафиясына қатысы болуы мүмкін.

1087311 (1)

Кикбокс бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы, Prince деген лақап аты бар ресейлік Мұса Мұсалаевты 18 қарашада неміс қаласы Ной-Ульмде  атып кеткен деп хабарлайды Р-Спорт Bild басылымына сілтеме жасап. Жалдамалы жендет көлікке мініп, қылмыс орнынан қашып кеткен. Болған оқиғаның анық-қанығы мен себептері анықталуда. Бірақ, тергеушілердің пікірінше, бұл қылмыс Битигхайм-Биссинген қаласынан шыққан 37 жастағы кикбоксшының өлімімен байланысты болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, Мұсалаевтың орыс мафиясына қатысы болуы ықтимал. Бірақ бұл мәліметті растайтын ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар, оқ атқан адамның сыбайластары болғандығы айтылды. Мұсалаевты тұрып жатқан үйі маңында тапанша немесе револьвермен атып кеткен. Тергеу ісі бойынша, шабуыл жасағандар боксшыны білуі мүмкін. Мұсалаев кикбокс бойынша өтікізген 17 жекпе-жекте жеңіске жеткен, ал аралас жекпе-жекте 15 рет қарсыласын ұтқан. 2013 жылдан бері Германияға қоныс аударыпты. Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановтың жарлығымен Қазандағы Универсиада-2013 ресми елшісі болып тағайындалған.  Мұса Мұсалаев 1979 жылы 3 сәуірде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген.

Жіберіп алмаңыз:

Джастин Бибер жанкүйерінің бетінен бір ұрып қанын ағызды (видео)

Қазақ ғалымы ойлап тапқан отқа жанбайтын жабын үлкен сұранысқа ие болуда

Жер кодексінің кей нормаларына енгізілген мораторий 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар