Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Аршавиннің медалі үшін студент 20 мың теңгеден аз ақша сұрап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

fc448a241d1558a0e7cfba70b64010ba__1440x

«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавин Қазақстан кубогы финалисі медалін марапаттау рәсімінен кейін лақтырып жіберді. Енді ол сатылымға шығарылды.

«Астана» командасынан жеңілгеннен кейін (0:1) Аршавин өзінің медалін трибунада отырған жанкүйерлердің біріне лақтырды. Ресейлік футболистің жүлдесін студент Қайнар Ғаббасов ұстап алған. Жас жігіт тапқан олжасын сатылымға шығарды. Сөзіне қарағанда оның тауарына «Қайраттың» бірнеше фанаты ұсыныс тастап үлгерген. Өкінішке қарай, БАҚ саудагердің нақты қанша соманы белгілегенін жазған жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сүйенсек, Аршавиннің медалі үшін студент 20 мың теңге сұрап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жүктілікке арналған екі сызығы бар тест таяқшасын сатып жатыр

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Головкин өзінен аумайтын жігітпен кездесті

Төреғалидің ішімдік ішіп отырған суреті көпшіліктің ашуын туғызды

 

Талқылау