Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жүктілікке арналған екі сызығы бар тест таяқшасын сатып жатыр

Ғаламтор желісінде, хабарландыру сайттарында қолданушылар небір заттарын, соның ішінде өздері қолданғанын да, жаңасын да сататынын айтып хабарландыру жазады.

1090172

 

Olx.kz сайтында ерекше хабарландыру жарияланды. Белгісіз біреу екі сызығы көрсетілген тест таяқшасын сататынын хабарлады.

«Жүктілікке арналған екі сызығы бар тест таяқшасын сатамын. Сондай-ақ жүктілікке ұқсататын капсулалар сатамын. Мүмкін, жігіті өз көзінше тексергісі келетін шығар», – деп жазылған хабарландыруда.

Хабарландыру 9 қараша күні Астанадан жарияланған. Тест бағасы 1000 теңге деп көрсетілген. Автордың қалжыңдап жазғаны, әлде шын жазғаны белгісіз.

Өкінішке қарай, хабарландыруда көрсетілген нөмір сөндірулі болғанықтан иесімен байланыса алмадық.

Айта кетейік, медициналық тест таяқшасы жүктілікті тексеру үшін қолданылады. Таяқшада бір сызық көрінсе – жүктіліктің жоқтығын, екі сызық пайда болса жүкті екеніңізді білдіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Күтпеген жағдай: Резинадан жасалған еркектер қазақстандық әйелдердің сұранысына ие

Желі қолданушылары қазақ ауылының атауын мазақ қылды

Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді (фото)

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Талқылау