Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Көлігімді жұбайым ретінде жақсы көремін (фото)

Меруерт Түсіпбаева қымбат көлігін көрсетіп мақтанды. Әнші темір тұлпарын адамнан артық жақсы көретінін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Менің жұбайым жоқ. Сол үшін мен осы көлігімді жұбайым ретінде жақсы көремін. Өйткені еркектер сені кейде алдап кетуі мүмкін. Ал менің көлігім мені ешқашан алдамайды, сатпайды, орта жолда тастап кетпейді. Мен оны қатты жақсы көремін.

Көлігім өте жақсы көлік. Балам үнемі: «Неге Toyota, неге Toyota?» – деп сұрайды. Мен өзім консерватормын, сол үшін мен тек қана Toyota Prada-мен жүремін. Бұл көліктің жаңа түрі шыққанда мен ауыстырып аламын. Қандай болса да, жаңасын мінемін», – дейді Түсіпбаева.

Әдемі қымбат көлігіне ерекше нөмір сыйлаған адам туралы айтудан бас тартты.

«Иә, сыйлық. Өзім 2 деген санды жек көремін. Мектепте ешқашан 2 алған адам емеспін. Сол үшін 01 болсын деп тілек білдірдім», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Экс-күйеуінен таяқ жеген Баян Мақсатқызының дерті сыр бере бастады

Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Меруерт Түсіпбаева: Тұрмыс құруым мүмкін (фото)

Талқылау