Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек

Дүйсенбі, 9 Қазан , 2017 10:49

Әдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяйсың! Қадыр Мырза Әли атамыздың осы бір сөзі қыз баланың бар болмысын ашып тұрғандай… Расында бұл өмірде ақылды қыздарға қарағанда, сұлу қыздардың жолы болғыш келеді, деп жазады Stan.kz.

Қарап отырсаңыз, мектеп жасынан бастап-ақ сұлулар кез келген нәрсеге оңай қол жеткізетіндей… Көркі ақылына сай қыздардың өзгелерден бұрын тұрмыс құратыны да белгілі. Бұл ретте кез келген қыздың/баланың көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасатынын атап өткен жөн. Мұны журналист Дана Нұржігіт жақсы түсінеді. Себебі ата-анасы кішкентайынан оған “оқы, оқы” дегенді үйреткен. Бұл туралы Дана желідегі парақшасында жазды.

«Бала кезімнен: “оқы, ізден, талаптан!” дегенді естіп өскен едім. Ал, ойлап отырсам, қыз балаға бұл сөздерден бұрын: “сен әдемісің, ертең жар, ана боласың, үйдің тірлігіне пысық бол!” дегенді көбірек айту керек-ау…

Қыз балаға “оқы!” деу-ақ керек, бірақ қай жерге дейін оқып, тоқтау керек екенін айтуды ұмытпаған дұрыс. Сонда барып қыз-ғұмырдың бар қызығын дер кезінде бастан өткереді. Мына суретке еш қатысы жоқ сөз демеңіз! Есті адамға ештен кеш жақсы екенін жеткізген түрім ғой», – дейді журналист.

Айта кетейік, жуырда ғана Дана Нұржігіт теңіп тауып, екінші рет тұрмыс құрған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Қайрат Нұртас сыртынан ғайбаттағандарға видео-үндеу жолдады (видео)

Дильназ Ахмадиева халыққа жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар