Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Өткен сенбіде “Жұлдызды жекпе-жек” додасының ел көптен күткен шығарылымы эфирден көрсетілді. Бұл жолы халықтың жүрегінен орын тапқан қос хитмен – Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі өнерлерін паш етті, деп жазады Stan.kz.

Үш кезеңнен тұратын сайыста қос жұлдыз тек жанды дауыста ән салды. Алғашқы кезеңде Қайрат пен Төреғали өз әндерін орындаса, екінші кезеңде бір-бірлерінің туындыларын шырқады.

Қайрат Төрештің “Мен романтик емеспін” әнін шыңына жеткізсе, Төреғали Қайроштың жұлдызын жаққан “Арман” әнін айтып, жұртты тәнті етті.

Сыйластығы жарасқан өнердегі бауырлар бір-біріне өз әндерін сыйлады. Ал Мейрамбек Бесбаев бастаған қазылар алқасы бұл күні қос хитменді мадақтаумен болды.

“Бүгінгі байқауда мен ойлаймын жалғыз біз ғана емес, болмаса залдағы Қайрат пен Төреғалидің жанкүйерлері ғана емес, қазіргі бүкіл қазақ, тіпті алты Алаш десек те болады, осы екеуінің қайсысы жеңіледі екен деп тағатсыздана күтіп отырған болуы әбден мүмкін. Бұл жерде баға беруші біз, дегенмен қазір Қайрат дейтін болсақ, оның артында қалың қазақ тұр, Төреғали қазақтың домбырасын алып шықты. Бұл жерде қалың қазақты да, домбыраны да ренжітпей, ат төбеліндей ғана азғантай қазақпыз ғой… Өнерде жүргеннен кейін күншілдер де, сыншылдар да болады, ол – заңдылық. “Қайрат құласа екен” деп біреу тілеуі мүмкін, “Төреғали құласа екен” деп мысық тілеулі тағы бір ағайындар болуы мүмкін. Мен ойлаймын, өнердің байрағын желбіретіп жүрген екі жігітті де дос-дұшпандарына таба қылмай, келесі кезеңге бірдей өткізу керек сияқты“, – деп өз пікірін білдірді Айнұр Тұрсынбаева.

Өз кезегінде дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева бұл күні Қайрат пен Төреғалиді алғаш рет жанды дауыста тыңдағанын айтып, таңданысын жасырмады. Ол қос хитменді мойындағанын,тіпті, сол сәттен бастап екеуіне деген көзқарасының түбегейлі өзгергенін мәлімдеді.

Өзге төрешілер де әріптестеріне қосылды. Ал шешімді жобаның бас модераторы Мейрамбек Бесбаев шығарды.

Енді осындағы қыздар-жігіттер осылай шешкен болса, ешқандай қарсылығым жоқ. Қарсы бола алмаймын да. Өйткені екі бауырым да халықтың жүрегінен орын алған. Бұлардың әндері ғасырдан ғасырға кете беретініне күмәнім жоқ“, – деп мәлімдеді ол.

Қазылар алқасы бірауыздан келіскенімен, тыңдарман қауымға жеңімпаздың болмағаны ұнамай қалған сыңайлы. Олар желіде “Жекпе-жекті” қызу талқыға салып, кім мықтыны анықтай алмаған қазыларды сынап тастады.

“Төреғали әлдеқайда мықты, бұл сайыста да басым түсті”, “Қайрат жұлдыз ғой шіркін, даусының қоңырлығы қайталанбайтын тембр”, “Төреш тамаша, дауысы құлаққа жағымды, сөзсіз Төреш жеңді деп ойлаймын”, “Төреғали жеңді”, “Төреш сегіз қырлы, бір сырлы”, “Қайрат бәрібір мықты”, “Екі жігіт те лайық”, “Қайратты қолдаймын, ал Төреғали еңбек етсін”, – деп өзара дауласты тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың АҚШ-тан Ақтөбеге келген жанкүйері әншінің ұстаздарымен танысты

Дильназ Ахмадиева халыққа жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Меруерт Түсіпбаева: Тұрмыс құруым мүмкін (фото)

Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар