Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мені өзгертпей-ақ қойыңыздаршы: Алтынай Жорабаева киіну стилін сынағандарға жауап берді (видео)

Алтынай Жорабаеваның желідегі оқырмандары шектен шыққан сыңайлы. Эстрадамыздағы ең салмақты әншінің шыдамы таусылды. Әнші әр киген киімі мен жүріс-тұрысын сынайтындарға жауап берді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Алтынай Жорабаева

Жорабаеваның айтуынша, желіде орынсыз жазылатын сынның бірі – оның киіну стиліне қатысты. Көпшілік оған жеке стилистін ауыстыруға кеңес береді екен. Алайда жақын құрбысының кеңесіне құлақ асатын Жорабаева өз ойынан айнымақ емес. Себебі дәл осындай сын бірнеше жыл бұрын да айтылған, алайда мен сол кезде киген киім енді ғана сәнге айналып жатыр, дейді өнер иесі.

“Маған көбінесе “стиліңізді ауыстырыңыз, стилистіңізді ауыстырыңыз, мынадай көйлек болмайды” деп жазып жатады. Мен өзгертпеймін, маған ұнайды. Өйткені қазір мынадай кең киімдер енді ғана трендке кіріп жатыр. Бірақ мен осыдан 9-10 жыл бұрын велюрдан көйлек, шапан киіп жүрген кезде бәрі “осы сөлбіретіп бірдеңе киіп алады” деп айтатын. Қарап отырсаңыз, қазіргі дизайнерлердің түгелі дерлік велюрдан киім тігеді, кең киімдер, шапан тігеді. Сондықтан мен өзгертпеймін. Өйткені менің Мансиямның фантазиясы “космический”. Үстімде де шапан, бұл шапанға 8 жыл болды, әлі сол күйі тастамай киюге болады. Менің стилімді өзгертпей-ақ қойыңыздаршы, маған осылай ұнайды”, – дейді Алтынай.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау