Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен армандаған әйел: Мақсатқызының ашық суретін жариялаған Алагөзов жұрттан сөгіс естіді (фото)

Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының басы тағы дауға қалды! Кәсіпкер Алагөзов сүйіктісінің ашық суретін жариялаймын деп жұрттан сөз естіді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі уақытта Алагөзов пен Мақсатқызы бар уақыттарын бірге өткізеді. Тек үй ғана емес, жұмыс алаңы ғашықтарды табыстырады. Өздеріңіз білетіндей, атышулы продюсер қазіргі уақытта “СиСиТай” атты мюзикл түсіруде. Аталған кинокартинада Тұрсынғали Алагөзов эпизодтық рөлді сомдайды.

Ғашықтар БАҚ-қа сұхбат бермегенімен, шығармашылық жаңалықтарымен желіде жиі бөлісіп тұрады. Түсірілім алаңынан суреттер мен видеоларды жиі жүктейтін Мақсатқызы жағымсыз пікірлерден көз ашпайды. Алайда бұл жолы елдің сын садағына Тұрсынғали Алагөзов ілікті. Ол сүйіктісінің омырауы көрініп тұрған ашық суретін жариялап, жұрттан сөз естіді.

“Мен армандаған актриса”, – деп жазып қойды ол Баянның суретін жариялап.

Желідегілер кәсіпкерді “сүйікті әйелінің ұятты жерін бүкіл Қазақстанға көрсетті” деп сөкті.

Жіберіп алмаңыз:

Қабатов бастаған КВН майталмандары науқас баланың арманын орындады (видео)

Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Сиви Махмудидің 30 жасында Ресей әншілері ән салды (видео)

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Талқылау