Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Бейсенбі, 16 Қараша , 2017 11:57

Соңғы бір жылда жеке өмірі жиі талқыға түсетін Сейітмағамбет, ізінен ерген қауесеттердің нүктесін қоймақ. Бүгінде сүйіктісін жолықтырып, жаңа өмір бастаған бикешті, күні кеше ет-жақындары ұзатты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Дәл осы фотолар желіге жүктелген сәтте, Қазнет «Ақбота екінші мәрте тұрмыс құрды», – деп топшылаған. Алайда, атышулы актриса бұл кезекті картинаның түсірілімі екенін кесіп айтты.

“Қазір менің ұзатуымды тойлап жатырмыз. Ешқандай да «басқа біреуге тұрмысқа шығып кетті, ұзатылып жатыр, Дидармен қосып жатыр», деген әңгіме болмас үшін өзім айта кетейін. Мен басты рөлдің бірі, Ажар деген қыздың образын сомдап жатырмын”, – дейді Ақбота.

Сейітмағамбет бой көрсететін бұл фильм, орыс тілінде таспалануда. Қазақы ортада өскен Ақбота үшін, жүктелген жұмысы қаншалықты қиын?

«Здравствуйте, как у Вас дела?» осындай-осындай кішігірім аз ғана сөздер. Қиын сөздер болса, режиссер өзі келіп көмектеседі. Бірақ нөл пайыз орыс тілін білмеймін деп айта алмаймын”, – дейді Сейітмағамбет.

Ақботаның кино әлеміндегі дебюті де, орыс тіліндегі картинадан бастау алған! Сондықтан болар, түсірілім алаңында тіл мәселесіне бас қатырып жүрген жоқ.

“Өсіп-өнген жерімде мысалы тек қана қазақ тілін оқыдық. Орыс тіліне қатты мән бермегендіктен болар. Бірақ, продюсерім де орыс тілінде сөйлесті ғой бізбен. Сондықтан да, үйреніп 80-90 пайызға өзгерістер бар деп айта аламын”, – дейді Ақбота.

Таяуда Ресейде өткен кинофестивальдің бірінде, дәл осы «Гламур для дур» фильміндегі образы үшін, «Үздік актриса» номинациясын еншілеген еді. Ақбота бұл жетістігін алдағы уақытта да қайталауға ниетті.

“Мен үшін үлкен жігер берді. Қанатымды ары қарай самғай беруіме көмектесті деп айтсам болады. Бұйырса тағы да, қазақи жанрдағы кинода көріп қалуларыңыз мүмкін. Ол әзірге құпия бола тұрсын”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмудидің 30 жасында Ресей әншілері ән салды (видео)

Нұржан Керменбаев пен Мақпал Исабекова ерекше бейнебаян түсіріп, жұртты таңғалдырды (видео)

Айсәуле Бақытбек: Былтыр отбасым да, жеке өмірім де ойран болды

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар