Айсәуле Бақытбек: Былтыр отбасым да, жеке өмірім де ойран болды

Сәрсенбі, 15 Қараша , 2017 13:58

Айсәуле Бақытбек атышулы оқиғадан кейін өмірінің күрт өзгергенін айтады. Айтуынша, отбасы ойран болған былтырғы жылы ол сүйікті адамынан да, достарынан да баз кешіп қалған. Бұл ретте Баян Мақсатқызының қызы оқырмандарына жан сырын ақтарып, өміріндегі ең қиын кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Өмірімдегі ең қиын кезең өткен жылы орын алды. Отбасымдағы келеңсіз жағдайдан бөлек, жеке өмірім құрдымға кетті. Достарыммен ара-қатынасым бұзылды. Ұмытамын деп жүргенде өзімді жоғалтып алдым. Қайта қалыпқа келуім ұзаққа созылды. Дегенмен өмірлік тәжірибе – өзіңді табудың және бақытқа жетудің кілті деп есептеймін.

Адам бойындағы мен бағалайтын негізгі қасиеттер – қарапайымдылық пен әзілді түсіне білуі. Менің ойымша, сөзге тапқыр адам ақылсыз, ал қарапайым адам арам бола алмайды. Адамға бір қарағаннан-ақ, ойында арамдықтың жоқ екенін түсінсең, сол жақсы емес пе?” – деп бастады сөзін Айсәуле.

Бұдан бөлек, Есентаевтардың үлкені өзін “көкірек, өзімшіл” деп сынайтындарға жауап берді.

“Мені өмірде көрген кей жандар өзімшіл екенімді айтады. Жасырмаймын, сырт көзге солай көрінетін шығар. Бірақ мен бар болғаны табиғатымнан суық мінезді адаммын. Тіпті, жақын адамдарыммен құшақтасып, шүйіркелескенді ұнатпаймын, ал жаңа адамдармен тіптен таныспаймын деуге болатын шығар.

Бірақ ешқашан оңбаған адамның тірлігін жасамағанмын. Жаныма келіп сөйлеген адам, жап-жақсы қыз екенімді байқар еді. Өзім солай ойлаймын”, – деп атап өтті Айсәуле.

20 жылдан аса уақыт отбасылық өмір мен қызметті қатар алып жүрген Баян Мақсатқызының әрекеті қызына да үлгі болған ұқсайды. Себебі Айсәуле отбасы мен жұмыстың арасында таңдау жасай алмайтынын айтты.

“Мансап әлде отбасы? Екеуі де. Меніңше, сүйікті адам ештеңеге тыйым салмауы керек. Қарым-қатынас – ол жұптасып билейтін би сияқты. Түптеп келгенде дегеніме жету үшін сүйіктіммен жұмыла жұмыс істеуге дайынмын. Қызды алтын торға әрбір екінші ер қамап қоя алады. Алайда әйел адамды асқақтатып, оған дем беру тек нағыз ердің ісі”, – дейді Айсәуле.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев Мәскеу төрінде күмбірлете күй шертіп, әлемге әйгілі музыканттарды мойындатты (видео)

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар