«Меломен» тобы экс-продюсердің “батасын” алып, жаңасымен кино түсіргелі жатыр (видео)

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 17:45

 

Халықтың сүйікті топтарының бірі – «Меломен» су жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. «Лаулаймын» деп аталатын туындының тәлім-тәрбиелік маңызы зор.

nJXe8P-g0mA

Stan.kz тілшісі топ жігіттерін аталмыш бейнебаяндарымен құттықтап, сұхбаттасқан еді.

Ғаламтордағы пікірлерге көз салсақ, кейбір тыңдармандардың аталмыш бейнебаянның мағынасын, әсіресе, неліктен орамалды жерге тастаумен аяқталғанын түсінбегенін байқадық. Жігіттер бұл сұрақтың жауабын берді.

«Бұл туынды арқылы біз қазақ халқының орамалды аса қадір тұтатынын көрсеткіміз келді. Баяғыда рулар арасында араздық туып, ұрыс-соғыс болған кезде қыз-келіншектер ортаға шығып, орамалдарын тастайтын болған. Сол сәтте ер азаматтар тоқтайтын. Ал оған көнбеген ерлер еркек атынан айырылған», – дейді топ мүшесі Жігер Ауыпбаев.

Ал Ғабит Әбілдаев: «Қазақта «әр қазақ қызының намысы – бар қазақтың намысы» деген сөз бар. Бұл туынды арқылы біз кез келген қазақтың қызы үшін қазақтың кез келген жігіті өлімге дейін барады дегенді көрсеткіміз келді», – дейді.

Әннің де, оқиға желісінің де авторы топтың қазіргі продюсері, белгілі сазгер Бауыржан Есебаев болып шықты. Айтпақшы, «Меломендіктер» аталмыш бейнебаянды негіз етіп, фильм түсіруі мүмкін. Есебаев пен оның қарамағындағы жігіттер қазір фильмнің сценарийін ойластыруда.

«Бұл оқиға бір фильмнің кіріспесіне айналуы мүмкін. Әзірге нақты белгісіз. Түсіреміз бе, түсірмейміз бе? Оны бір Алла біледі. Бірақ ойымызда бар. Бұл оқиғаның  жалғасын келесі бейнебаяннан да көріп қалуларыңыз мүмкін», – деп қызықтырды том мүшесі Ролан Хазіретов.

«Меломен» тобы қазіргі таңда бейнебаяндардан жиі көрініс табатын бейәдеп қылықтарға көңілдері толмайтынын айтты.

«Қазіргі бейнебаяндардан қыз баласының жігіттің бетінен шапалақпен ұрып немесе кеудесінен итеріп жатқанын жиі көретін болдық. Алайда бұл қазаққа жат қылық. Қазақтың қыздары қашанда тәрбиелі, ибалы, инабатты болған. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демей ме? Бәлкім 100 қыздың екеуі ерсі қылық көрсететін шығар. Бірақ бәрі емес», – деді топ мүшесі Қайрат Мырзаханов.

«Бір ғана орамал емес, бұл бейнебаян арқылы біраз дүние жеткізгіміз келді. Қаншалықты жеткізе алғанымызды бағалайтын – халық», – дейді жігіттер.

Айта кетейік, «Меломен» тобы продюсер Бауыржан Есебаевпен жұмыс істегелі бері «Менің Елбасым», «Сүйгенім бол», «Бота Бота» және бүгін біз сөз етіп отырған «Лаулаймын» бейнебаяндарын жарыққа шығарды. Топ  бесінші бейнебаянның қамына да кірісіп кетіпті.

Бауыржан Есебаевпен бір жылдың шамасында жұмыс істеп келе жатқан топ бес беянебаянның астарында бір сыр бар екендігін, оны жақын арада жариялайтындарын айтып қалды.

Естеріңізде болса, топтың экс-продюсері Жанна Әбуова жігіттердің бұрынғы әндерін тартып алған еді. Алайда бүгінде жігіттер Жанна ханыммен арадағы байланыстары түзелгенін айтты. Сондай-ақ, «Меломен» репертуарындағы әндердің барлығын орындап жүр екен.

«Орындамаңдар!» деп тыйым салып жатқан ешкім жоқ», – дейді топ мүшелері.

Жіберіп алмаңыз: 

“Меломен” тобының әншісі қызды болды

Меломен тобы жастарды жұптастырудың ерекше жолын тапты (видео)

“Меломен” тобы өздеріне жаңа продюсер іздеген болып шықты

“Меломен” vs продюсері: Алуа Қонарова кімге жақтасты?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар