Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Меломен” тобы өздеріне жаңа продюсер іздеген болып шықты

Продюсерлері Жанна Абуоваға ары қарай өздері жұмыс істейтіндіктерін айтқан “Меломен” тобы сөзінде тұрмады. Топқа жаңадан тағайындалған продюсерге өздері ұсыныс жасаған болып шықты.

1172586_812726848859031_1870068873_n

Қайрат Нұртас пен Ернар Айдардың көптеген хит әндерін жазған сазгер Бауыржан Есебаев енді Меломан тобымен жұмыс істейді. Сазгер оларға түрлі ән жазып, тәжірибесімен бөліспек.

“Қайрат пен Сырым болсын, Ернар Айдар болсын, осы уақытқа дейін кіммен жұмыс істесем де, барлығына белгілі бір дәрежеде өнер жолында бағыт-бағдар сілтеп отырдым. Маған Меломен тобынан ұсыныс түсті. Ойланып ұсынысты қабыл алдым. Алдағы уақытта аталған топпен осы күнге дейін жинаған тәжірибеммен бөлісемін”, – дейді Бауыржан Есебаев “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.

“Меломен” тобы экс продюсерлері Жанна Абуовамен жұмыс істеуден бас тартқан кезде, алдағы уақытта ешкімнің көмегіне жүгінбейтінін айтқан болатын. Алайда жігіттер продюсер Бауыржан Есебаевты өздері іздеп келген екен.

“Жалпы Бауыржан аға болмағанда продюсер іздемес те едік. Бұл салада әрқайсысы өзінің қызметін атқаруы тиіс. Әрбір әншіге, әрбір жобаға продюсер қажет”, – деп топ мүшелері бастапқыда продюсердің көмегіне жүгіну ойларында болмағанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, “Меломенге” бұрынғы әндерін орындауға тыйым салынғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау