Меломен тобы жастарды жұптастырудың ерекше жолын тапты (видео)

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 15:28

Жаңа продюсермен жұмыс бастаған Меломен тобы іске білек сыбана кіріскен-ді. Репертуарларындағы көптеген әннен айырылып қалу қаупінің алдында тұрған жігіттер жаңа ән жаздырып, оған бейнебаян түсіріп жатыр.

e1d46cdb-af8e-4cc4-aca8-ce71173e5824

Фото: Асхат Казиев

“Бота-бота” атты әнге түсіріліп жатқан бейнебаянға топтың тыңдармандары мен Алматы қаласының тұрғындары атсалысқан. Аталған әннің авторы – Бауыржан Есебаев, ал сөзін жазған – Қайрат Бисембаев.

Топ мүшелері түсірілім барысында дәл осындай махаббат хикаясы орын алады деп еш ойламаған екен. Түсірілім Алматы жастарының танысу алаңына айналған.

13092426_232489293776490_1985821509_n

Фото: instagram.com/melomen_official/

“Бота-бота деп аталатын әніміз ырғақты келеді. Өзі таза қазақы ән. Ал біз бар болғаны махаббат оқиғасын баяндаушымыз. Бұл жерде ата-ананың өз жастық шақтарын еске алуы көрініс табады. Осы жерден аялдап, ары қарай не болатынын жасыра тұрайық”, – дейді әншілер “Ревю” бағдарламасына берген сұхбаттарында.

Ретро стильдегі бейнебаянның алғашқы бөлігі табиғат аясында түсіріліп, кейін Бірінші Президент саябағына ығысқан. Ал түсірілімге келген жастар отбасылық өмірге дайын екендіктерін айтып жатыр. Арасында сүйіктісін жолықтыра алмаған қыздар мен нәзік жандыларға сөз салуға батпай жүрген жігіттер де бар.

Түсірілім алаңы ғашықтардың танысу алаңына айналған әннен кейін, бейнебаянға түскен жастардың отбасын құруы да ғажап емес.


Оқи отырыңыз:

“Меломен” тобы өздеріне жаңа продюсер іздеген болып шықты

“Меломенге” бұрынғы әндерін орындауға тыйым салынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар