Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысы өзін түсік тастауға мәжбүрлеген жігіт туралы айтып жылады

Қазақстандық бойжеткен өзін түсік жасатуға мәжбүрлеген жігіті туралы айтып берді. 16 жасында жүкті қылған досы түсікке ақша беріп, өзі жауапкершілікті мойындаудан бас тартқан екен.

5322f72acf5ff768a442ffdbc38cb7da

Бұл туралы “Астана арнасы” хабарлайды.

“Қазір 18 жастамын. Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Жігітім 16 жаста болғанымызда маған үйленгісі келетінін айтты. Екеуіміз бір сыныпта оқып жүрген болатынбыз. Оның сөзіне алданып, некесіз бала көтеріп қалдым. Ақыры түсік жасатып тындым. Бірақ, ол мені зорлаған емес. Мен бар болғаны қатты сеніп, өз еркіммен берілдім. Әке-шешеме айтуға қорықтым. Ал жігітім түсік жасатуға ақша берді. Осылайша дәрігерге бір өзім бардым. Жақаныдарыма мүлдем тіс жармадым.

Түсік тастаған соң сабаққа да барғым келмеді. Жігітіммен кездесуге кеткен кезде анамды алдауға мәжбүр болатынмын. Үйге қонбаған күндерім де болды. Қазір қатты өкінемін. Балалық жасап қойдым. Бірінші сәбиді алдырып тастаған соң бала туа алмай қалуым мүмкін екенін де білемін. Бірақ, алдағы өмірімді баласыз елестете алмаймын. Іштей үміттенемін. Қазір жігітім жоқ. Осы оқиғадан кейін жігіттермен жүрмедім”, – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келіншек тұрмыста болғанын бетіне басып қорлаған қайын жұрты туралы айтты

8,5 миллионды құмар ойынға салып жіберген келіншек өзіне қол жұмсамақ болды

Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты

Қазақ жігіт өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр

Талқылау