Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлихан Смайылов қаржы министрі болып тағайындалды

ҚР қаржы министрі тағайындалды. Бұл қызметке Әлихан Смайылов келді.

Әлихан Смаилов

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Астанада Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өткен еді. Отырыста каржы министрінің кандидатурасын мақұлдады.

Премьер-министр канцеляриясының жетекшісі Нұрлан Алдабергенов мәжіліс депутаттарына сұрау салды.

Әлихан Смаиловтың кандидатурасы ҚР қаржы министрі қызметіне ұсынылды.
Қаржы және бюджет комитеті мүшелері Әлихан Смайыловқа сұрақтар қойып, тілектерін айтты. Әлихан Смайылов сұрақтарға жауап беру барысында министр ретінде алдымен салық пен мемлекет қаржысының кірісін арттыруды көздейтінін айтты.

Қаржы ресурстарын жұмсауға бақылауды күшейту шаралары туралы, сондай-ақ бүгінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын осы бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге қатысты мәселелерге тоқталды.

Отырыс қорытындасы бойынша депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдап, табыс тіледі.

Әлихан Смайылов президент көмекшісі болды. Әр жылдары президент әкімшілігінде жұмыс істеді. Президент әкімшілігін, ҚР статистика агенттігін басқарды. Сыртқы істер вице-министрі, қаржы вице-министрі қызметінде болды. 2007-2008 жылдары “КазАгро” холдингінің президенті болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау