Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Қазақстандықтар тістерін өздері жұлатын жағдайға жетуі мүмкін

Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазбекова елдегі стоматология саласына қатысты сауалын жолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

78777

2016 жылғы 12 желтоқсанда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі елімізде стоматологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңа стандарттары бекітілген. Соған сай аталмыш көмекті тек жоғары білімді маманда ғана көрсете алады екен.

Осылай деп айтқан депутат, қазіргі таңда орта арнаулы білімі бар тіс дәрігерлерінің көпшілігі 10-25 жыл аралығында тәжірибе жинап үлгергенін, десе де жоғарыдағы министрліктің бұйрығы сол тәжірибелі мамандардың қызмет көрсету құқығын шектеп отырғандығын айтты.

“Ауылдық аймақтарда 1-2 ғана стоматологиялық кабинеттер бар. Енді әлгі стандартқа сай азаматтар қаладағы клиникаларға қарай сабылады. Ал кейбіреулері ауылдары аудан орталығынан алыстығынан немесе ақшаның жоқтығынан тістерін өздері жұлатын жағдайға жетуі мүмкін”, – деді депутат Меруерт Қазбекова.

Осылайша мәжіліс депутаты жаңа министр Елжан Біртановқа аталмыш стандартты қайта қарастырып шығуға өтініш білдірді.

Оқи отырыңыз:

Қаназдық ауруына таптырмас ем болған сірне тағамын әзірлей аласыз ба?

Ер азаматтардың күш-қуатын арттыратын “Жаужүрек” тағамын әзірлей аласыз ба?

Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық

Қазақ ұлттық асханасының ұмытылып бара жатқан 7 тағамы (фото)

Талқылау