Қазақ ұлттық асханасының ұмытылып бара жатқан 7 тағамы (фото)

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 13:26

Қуырдақ, тұшпара, нарын – бұлар қазақтың ұлттық асханасындағы танымал тамақ түрлері. Бұдан өзге де күнделікті өмірде жиі тұтынатын керемет тағам түрлері жетерлік. Алайда қазақ асханасында ел естімеген тағамдар да бар екен. Атын естіген күннің өзінде де дәмін татып көрмегендер бар болуы әбден мүмкін.

67125e0b62e836b3a82f183a07ffa559

Бұл туралы Орталық Азия онлайн хабарлайды.

Ол тағамдардың дайындалу әдістері алыс ауылдарда сақталған. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан ұлттық тамақ түрлерін Қытай мен Моңғолияда тұратын қандастар да ұмытпай сақтап келе жатыр.

Еркебұлан Мәкенов пен оның серіктестері бизнес бойынша әдеттен тыс рецептерді іздеп әуелі интернетті ақтарып, одан соң таныстардан сұрастырып, ел аралап, ақыры шекара асқан. Қытай мен Моңғолия қазақтары көптеген дәстүрлерді, оның ішінде ұлттық тағамдардың дайындалу құпиясын әлі күнге сақтап отыр екен.

“Моңғолия қазақтарынан біз жарма-құрттың дайындалу әдісін үйрендік. Ондай тағам түрі Қазақстанда жоқ, бар болған күннің өзінде белгілі бір ауылдарда ғана шығар. Құрттың майлылығы керемет, үлкендігі дәу тас секілді”, – дейді Еркебұлан.

Ал талқан-шәй мен қуырман-шәйді Қытай қазақтарынан алыпты. Талқай-шәй – талқанға сүт араластырылған ерекше сусын түрі. Ал қуырман-шәй – қуырылған ұнның қатысуымен жасалады екен.

Бас қарын.

df11fdbf46d9a4a3d42dc316f384934c

Бұл ерекше қонақтарға арналған. Мұны кәдімгі асылған ет тамақтың орнына да ұсынуға болады екен. Қой етінен дайыналады. Атауы да тамақтың құрамына байланысты қойылған. Еті мен қарыны өз майына бірнеше сағат қайнатылып дайындалады. Оның ішінде пияз, болгар бұрышын, картоп қосуға болады.

Үлпершек. Бұл бір ай уақыт бойы ұнға араластырып сақталған жылқының жүрегінен дайындалады.

8c0d2ca19983484a1d82882aa6ed9144

“Бұл өте ерекше тағам екен, бұған тіпті кім көрінген тапсырыс бере алмаған. Аттың жүрегі пісіп болғаннан кейін де өте қатты болады екен. Сол себепті ол аздап жұмсару үшін, қанын сығып алып, бірнеше жерден кесіп, тұздап ұн салынған қапшыққа салып қояды. Ол бір ай уақыт салқын жерде сақталады”, – дейді Еркебұлан.

Бла-қуырдақ.

бал куырдак

Барлығы қуырдақ тек үйде мал сойылған кезде, ет, ішек-қарын араластырып дайындалатын тамақ ғана деп түсініп өсті. Ал бұл бал-қуырдақтың дайындалу тәсілі басқашалау екен. Қатық араластырып қой етінен жасалатын қуырдақтың дәмі тіптен тәтті.

Сырбаз. Сырбаз атты қуырдақ қымызда дайындалады. Бұл ерекше сусын қуырдаққа тартымды қышқыл дәм беріп, адам тәбетін аша түседі.

Жаппа.

жаппа

Жаппа – бұл да қуырдақ. Бірақ оған пияз, болгар бұрышы секілді көкөністерді қосады. Ыстық тамақ дайын болған соң, үстіне жұқа иленген нан жабады. Оның пісуіне 5 минуттай уақыт керек. Осылайша ет пен қамыр бірігіп кетеді. Бұл тамақты Орталық Қазақстан қазақтары ойлап тапқан деген ақпарат бар.

Жоңқа.

de8a40fa97ddb02c40ce47dc566a8739

Қуырдақтың тағы бір түрі – жоңқа. Мұны кез-келген еттен дайындауға болады. Ең бастысы – оны дайындау алдында жақсылап мұздату керек. Керек кезінде етті жақсылап сүріп, тілімдеп кесіп, қуыру керек. Бұдан кейін еттің дәмі таңдай қақтырарлықтай болады. Тамақтың келбетінің өзі ерекше көрініс береді.

Көмбе.

d0b531a624faa5b4f9f84cfac533f86d

Тағамның бұл түрі көмірдің шоғына көміліп жасалады. Үлкен даладағы ошаққа от жағып, онда қойдың сирақтарын іліп қояды. Шамамен екі сағаттан соң тамақ та дайын болады. Мұны қазақтар әсіресе көшпенділік заман кезінде жиі қолданыпты. Өздері үшін ғана емес, алыста келе жатқан, адасып кеткен адамдар үшін де солай жол бойында дайындап кететін болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Курт, кымыз, шубат пайдалы узак ишугеде болмайды, кокинисты болады узак уакыт кабылдауга.

  • Anonymous says:

    Оте ауыр тагамдар, атка минип жауга шыгатин тагамдар, узак кортилип айдалада ашкалмау ушин. Абден кайнатип купты жок, ас казанга еш пайдасы жок. Еш куаты жок рас айтамн.
    Кокинисы коп болу керек, овощи…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар