Мәжіліс депутаты қазақ тілін білмейтін әріптестерін сынап, ұятқа қалдырды

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 22:33

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына 28 жыл өтсе де, шенеуніктер әлі күнге дейін 28 минут қазақша баяндама жасай алмайды. Қазақша сұрақ қойса, орысша жауап беретін  үкімет мүшелері мен әкім-қараларға бүгін депутат Бақытжан Әбдірайым қатты күйінді ғой деймін «намыс қайда?» деп ренішін білдірді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жазасын өтеушілерді оңалтуға бағытталған жұмыстардың нәтижелерін алдымен көрмеде, қалғанын мінберде таныстырған Қалмұхамбет Қасымов баяндамасының денін орыс тілінде оқып шықты. Ал, төрағалық етуші Владимир Божко күні кешегі дау-дамайды ескерді ме, әйтеуір мейлінше қазақша сөйлеуге тырысты.

Депутаттар кезек-кезек сөз алды. Келісіп алғандай, бұған дейін тек орысша сұрақ қоятын мәжілісмендердің дені мемлекеттік тілде сауал жолдап, үкімет өкілдерін састырды.

Осылайша, шақыртылғандар өздеріне оңтайлы тілде жауап берді. Өзекті мәселелер көтерілді, шешімдері айтылды. Алайда, депутат Бақытжан Әбдірайым, мұның бәрі түкке де қажет емес деп, басты мәселе – ана тілі екенін еске салмақ болды.

«Бұл мәселеге жауап та таппадық, менің көңіліме, намысыма қатты тиді. Қазақ тілінде, яғни мемлекеттік тілде берілген 12 сұрақтың 11-не орыс тілінде жауап берді. Кім жауап берді? Мына жерде отырған әкімнің орынбасары, Әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары. Олар кіммен жұмыс істейді? Халықпен жұмыс істейді. Олар қазақ тілінде жауап бере алмаса қалай жұмыс істейді?» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым.

Депутат қызды-қыздымен шенеуніктердің бұл әрекетін президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы тілге қатысты тапсырмаға қарсы келумен пара-пар деді. Осылай деп ашынған мәжілісмен алдағы отырыстарға келетін мемлекеттік қызметкерлер қазақша сұраққа қазақша жауап беруге тырыссын деп төрағаға жалынғандай болды. Бәрінен бұрын Ішкі істер министрі қателігін түсінген сияқты.

Әдеттегідей сұхбат беруден қашпаған Қасымов мырза, келер жылдан бастап 6 мыңдай адамды электрондық білезік арқылы қадағалап отыратындықтарын айтты. Сондай-ақ, «Жергілік полиция таратылады» деген алып қашпа әңгіменің анық-қанығын сұрағанда «жуырда заң жобасын таныстырғанда білесіздер» деп екіұшты жауаппен құтылды.

Жіберіп алмаңыз:

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Парламентке дайындалмай келіп, қағаздан бас көтермеген шенеуніктер депутаттан сөз естіді

Германия басылымы 28 Панфиловшылардың ерлігін жоққа шығарды

АҚШ-қа тағы да үш мемлекетке кіруге тыйым салынбақ: КХДР, Венесуэла және Чада

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар