ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 14:38

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бекешев Бауыржан Бейсенбайұлы Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бауыржан Бекешев 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды политехника институтын, 2001 жылы –  Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша – инженер-механик, заңгер. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды қаласында өндіріске оқыту шебері қызметінен бастаған. 1986-1997 жылдары инженер-конструктор, «Қарағандыкөмір» ӨБ тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының комбайндар жөндеу цехы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

1999-2008 жылдары «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» МБ-де, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында, «Қазақстандық ПЭТ-қаптама өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-де жұмыс істеген.

2008-2014 жылдары индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, экономикалық даму және сауда, өңірлік даму, ұлттық экономика министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2014 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеген. «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның үстінен несие рәсімдеп тастаған

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар