АҚШ-қа тағы да үш мемлекетке кіруге тыйым салынбақ: КХДР, Венесуэла және Чада

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 8:18

АҚШ-қа азаматтары кіре алмайтын мемлекеттердің тізімі толықпақ. Аталған тізімге КХДР, Венесуэла және Чада еніп отыр.

Бұл туралы bbc.com басылымы хабарлайды.

Тізімді толықтыру мәселесі, алдымен, Ақ Үйде қаралған. “Мен тек Американың қауіпсіздігін ойлаймын. Біз өзіміз толық тексере алмайтын адамдарды елімізге кіргізе алмаймыз”, – дейді Дональд Трамп.

Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали сынды мемлекеттердің азаматтары бұрынғыдай АҚШ-қа кіре алмайды. Алайда Судан бұл тізімге енгенімен, артынша алынып тасталған. Жалпы сегіз мемлекет АҚШ шекарасына кіре алмайды. Ақ Үйде КХДР-мен қанағаттануға тұрарлық келіссөздер жүргізілмей жатқаны айтылды. Бұдан өзге Солтүстік Кореядан елге келетіндердің онсыз да аз екені туралы сөз қозғалды. Ал Чад Американың терроризммен күресудегі жақсы серіктесі. Десе де, Ақ Үй аталған мемлекетті белгілі бір ақпараттарды бермегендері үшін осылай жазаламақ ниетте.

Венесуэла АҚШ-пен тексеру мәселесіне қатысты одақтас болудан бас тартып отыр. Мұнымен хатар, аталған мемлекет депортацияланған азаматтарын оңайлықпен қабылдамайды екен. Трамп сайлауға түсердің алдында көптеген мемлекетке АҚШ-қа кіруге тыйым салатынын жеткізген болатын. Осы орайда, Париж, Лондон және Брюссел қалаларында болып жатқан терактіні мысалға келтірген еді.


Жіберіп алмаңыз:

Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды

Солтүстік Корея Трамптың Бас Ассамблеядағы сөйлеген сөзіне жауап ретінде сутегі бомбасын жармақшы

Арабиялық әуе компаниясы әлемде алғаш рет ұшақты екі жатын кереуетімен жабдықтады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар