Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майра Ілиясова Баян Есентаеваның өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова продюсер Баян Мақсатқызының өнерге сіңірген еңбегін сөз етті. Ол Есентаевадан тәлім алған қыздардың бүгінде еліміздің ең жарқын жұлдыздарына айналғанын атап өтті.

Бұл туралы Майра Ілиясова Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Майра Ілиясова қазақтың өнеріне өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген жастарды атап өтті. Әнші бұл көштің басына «алтын» дауысты Димашты қойды. Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні де ұмыт қалдырмады.

«Жарнамасы көптер белгілі ғой. Қазір өте жақсы шығып жүрген бауырларымызға келсек, ең бірінші Димашты айтар едім. Тек қана Қазақстан өңірінде ғана емес, дүние жүзіне Қазақстан деген кең-байтақ, сазды әндері бар мемлекеттің бар екенін танытты. Қазақ деген қонақжай, кішіпейіл, текті, ұлағатты халықтың бар екенін танытты. Одан кейін қатар шауып келе жатқан Қайрат пен Төреғали», – дейді ол.

Бұдан өзге, Ілиясова бүгінде айы оңынан туып тұрған әнші аруларды атады. Олардың танылуына сеп болған продюсердің де еңбегін жоғары бағалады.

«Қыз балалардан жақсы келе жатқан – Ерке, сосын Кәмшат. Біздің Баянның жобалары шынында өте жақсы. Баян мен Бағым кәсіби дәрежеде тамаша еңбек жасайды. «Алау» тобы болсын, одан Баяннан ұшып шығып жатқан қыздар, Айдана Меденова, Жанар Дугалова, Кәмшат Жолдыбаева – бәрі өте танымал. Әндері өте сұранысқа ие. Ол бәрібір сол қыздарды танымал етіп, аяққа тұрғызған Баян Есентаева мен Бағымның еңбегі», – деп атап өтті қазақтың Майрасы.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі студенттер сарайы Жанар Айжановадан қайнаған су үшін мың теңге сұраған

Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Айгүл Иманбаева ұлының әкесінен асқан режиссер болатынын айтып мақтанды

Талқылау