Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маусым айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz маусым айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

0жэээж

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

MV5BZDdlNmU1YzctZmY4Ny00MjljLWEyM2EtOWEwNGE4ZTRiMWVhXkEyXkFqcGdeQXVyNjc5Mjg0NjU@._V1_

«Дарынды»

Жанры: Драма
Режиссері: Марк Уэбб
Рөлдерде: Дженни Спейт, Крис Эванс, Октавия Спенсер, МакКенна Грейс, Линдси Дункан, Кейр Одо
Мемлекеті: АҚШ

«Болар баланы бетінен қақпа» деген аталы сөз бар. Ал осы баланың ерекше дарынын пайдаланғысы келетіндер туралы не айта аламыз? Фильмде жігіт қайтыс болып кеткен әпкесінің жалғыз қызын асырап алмақ болады. Оны өз атына жаздырып алу үшін талай соттың табалдырығын тоздырады. Қарсы тарап қыздың ерекше қасиеттерін өз мақсаттарында пайдаланбақ болады.

под

«Су астындағы дәурен»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Хулия Сото
Рөлдерде: Фил ЛаМарр, Джесс Харнелл, Джефф Баннетт, Боб Берген, Уильям Салиерс
Мемлекеті: Испания

Мультфильм су астындағы өмір туралы. Соңғы сегіз аяқ пен оның достары өздеріне жаңа мекен іздеу мақсатында қауіпті саяхатқа шығады. Мақсатқа жетер жолда түрлі қызыққа тап болып, достықтары сыналады.

Новинки-мультфильмов-2017-года-6

«Спарк. Жаһан батыры»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Аарон Вудли
Рөлдерде: Патрик Стюарт, Сьюзен Сарандон, Джессика Бил, Хилари Суэнк, Афина Карканис
Мемлекеті: Канада, Оңтүстік Корея

Зұлым күш иесі бар әлемді жайлап, бірнеше планетаны өз уысында ұстайды. Алайда бұл алапат күш Спарк пен оның достарының жолына бөгет бола алмайды.

спа

«Малибу құтқарушылары»

Жанры: Комедия
Режиссері: Сет Гордон
Рөлдерде: Александра Даддарио, Приянка Чопра, Дуэйн Джонсон, Зак Эфрон, Памела Андерсон, Келли Рорбах
Мемлекеті: АҚШ

Бұл фильмнің желісі жұртқа бұрыннан таныс. Осы уақытқа дейін басты рөлде Памела Андерсон ойнайтын «Малибу құтқарушылары» атты телехикая көрсетілген-ді. Фильм Тынық мұхиты жағалауындағы құтқарушылар тобы жайлы. Олар үнемі өз орындарынан табылып, жағажайдың тыныштығын қамтамасыз етеді. Тәжірибелі құтқарушы Митч Бьюкеннон мен әріптесі Мэтт Броди жағажайға жоғалып кету қаупі төніп тұрғанын біліп қояды. Бұған алып мұнай компаниясы себепші болып отыр екен.

kinopoisk.ru

«Тамаша әйел»

Жанры: Фантастика
Режиссері: Пэтти Дженкинс
Рөлдерде: Галь Гадот, Крис пайн, Робин Райт, Конни Нильсен, Юэн Бремнер, Дэвид Тьюлис, Елена Анайя, Люси Дэвис
Мемлекеті: АҚШ

Тамаша әйел атанбас бұрын ол бар болғаны Амазонка аралының Диана атты патшайымы болған. Диана америкалықтар тарапынан төніп тұрған қауіпті алдын алу мақсатында үйден кетуге мәжбүр болады. Ол адамдармен айқасып жүріп өзінің алапат күшке ие екенін біледі.

1494996675-1578879044-ego-sobache-delo-smotret-onlayn-4

«Өзінің шаруасы»

Жанры: Боевик
Режиссері: Марк Каллен, Робб Каллен
Рөлдерде: Брюс Уиллис, Джейсон Момоа, Джон Гудман, Томас Миддлдитч, Фамке Янссен, Адам Голдберге, Элизабет Рем
Мемлекеті: АҚШ

Оқиға Лос-Анджелес аймағында өрбиді. Басты кейіпкердің итін бұзақылар ұрлап, оның кәсіби және жеке өмірі құрдымға кетеді. Итін қайтару үшін детектив бұзақылардың айтқанын істеуге мәжбүр болады. Ол төрт аяқты досын іздеп жүріп, бұрынғы дұшпандарына жолығады.

1494151545-1195462779-1

«Сараң»

Жанры: Комедия
Режиссері: Фред Кавайе
Рөлдерде: Дэни Бун, Лоранс Арне, Ноэми Шмидт, Патрик Ридремонт, Кристоф Канар, Кристоф Фавр, Ивонн Граделе
Мемлекеті: Франция

Жер бетінде Франсуа Готьеден өткен сараң адам жоқ шығар. Ол өзінің осы қасиетінен ләззат алады. Ал әр төлемнен кейін өзін жайсыз сезініп, ауырып қалатын күндері болады. Оның өмірдегі басты мақсаты мен ұстанымы – артық ақша төлемеу. Алайда бір күні оның өмірі түбегейлі өзгереді.

му

«Мумия»

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Алекс Куртцман
Рөлдерде: София Бутелла, Том Круз, Рассел Кроу, Джейк Джонсон, Кортни Вэнс
Мемлекеті: АҚШ

Ұлы саркофагтың ішінде перғауын қызының мүрдесі сақталған. Ғалымдар оны зерттемек болып, ақыры оятып алады. Перғауын қызы мазасын алғандарды ғана емес, бүкіл әлемді жазалауға кіріседі.

28569155-952801

«Қара көбелек»

Жанры: Триллер
Режиссері: Брайан Гудман
Рөлдерде: Джонатан Риз Майерс, Пайпер Перабо, Антонио Бандерас, Натали Рапти Гомес
Мемлекеті: АҚШ

Жазушы Пол бір үйде жалғыз өзі тұрады. Соңғы уақытта жұмыстарының барлығы нашарлай бастайды. Тапсырыс беруші оның соңғы кітабын қоқыс жәшігіне тастайды. Осыдан кейін Пол өмірден түңіліп, ішімдікке салынады. Алайда бір күні оның өмірі түбегейлі өзгереді. Бұған бейтаныс адам себепші болады. Пол әлгі адамның көлікпен саяхаттап жүргенін біліп, үйінде қонақ болуды ұсынады. Ал ол өз кезегінде жазушыға қызықты оқиғаларын баяндап береді. Осы оқиғалар Полдың жаңа кітабына арқау болады.

M33rbiL

«Айдаһарды қолға үйрету 3»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Дин Деблуа
Рөлдерде: Джей Барушель, Майкл Харли
Мемлекеті: АҚШ

Бұл оқиға көрермендерге көптен бері таныс. Басты кейіпкер ұзақ уақыттан бері досы айдаһарды қолға үйрете алмай әлек болып жүр. Бұрынғы айдаһар, викингтер, жақсылық пен жамандықтар туралы жаңа оқиғаларды қарсы алыңыздар.

maxresdefault

«Ғалам»

Жанры: Мелодрама
Режиссері: Стэлла Магни
Рөлдерде: Ник Робинсон, Аника Нони Роуз, Тэйлор Хиксон
Мемлекеті: АҚШ

Махаббаттың алапат күш екенін сүйіп көрген адам ғана біледі. Ал бұл фильмдегі басты кейіпкердің ғашық болуға да мүмкіндігі болмаған. Себебі, ол ауруына байланысты төрт қабырғаға қамалып отыруға мәжбүр. Алайда оның жаңа танысы романтикалық кездесудің ерекше түрін ойлап табады.

1428408837

«Көліктер 3»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Брайан Фи
Рөлдерде: Оуэн Уилсон
Мемлекеті: АҚШ

Барлық уақыттың ең үздік жарысушысы Жасын Маккуинді қарсы алыңыздар! Қаһарман барлық турнирде үздік атанып үлгерді. Алайда ол бұл жеңістерге маңдай терінің арқасында жетіп жүр. Ал бәсекелестік сағат санап артып келеді. Жасын Маккуинді алда қызықты оқиғалар күтіп тұр. Жаңа достары оған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

09032017-kino-01

«Өте жаман қыздар»

Жанры: Драма
Режиссері: Люсия Аньелло
Рөлдерде: Скарлет Йоханссон, Кейт МакКиннон, Зои Кравиц, Деми Мур, Дин Уинтерс, Колтон Хейнс, Тай Бурелл
Мемлекеті: АҚШ

Майами-Бичтегі қыздар кеші қайғылы оқиғамен аяқталады. Олар байқаусызда стриптиз бишісін өлтіріп қояды.

1492545343_2cd02a54d3

«Антропоид»

Жанры: Триллер
Режиссері: Шон Эллис
Рөлдерде: Джейми Дорнан, Киллиан Мерфи, Брайан Капе, Кая Херманек
Мемлекеті: Чехия, Ұлыбритания, Франция

Антропоид операциясы генерал СС Рейнхард Гейдрихті орнына құлатуға бағытталған. Гейдрих фашистік иерархияда Гитлер мен Гиммлерден кейінгі үшінші орынды алады. Оны жою арқылы ұлтшылдарға үлкен соққы жасауға болады.

DrawMaster.ru_drawing_of_transformers_baner

«Трансформерлер: Соңғы сері»

Жанры: Фантастика
Режиссері: Майкл Бэй
Рөлдерде: Лора Хэддок, Марк Уолберг, Джемма Чан, Джон Гудман, Изабела Монер, Энтони Хопкинс
Мемлекеті: АҚШ

Оптимус Прайм Гонконгтағы шайқастан кейін жаңа қиындыққа тап болады. Бұл жолы жалғыз күресуге оның қауқары жетпейді. Осылайша Жер шарын құтқару үшін ол жаңа одақтастар іздеуге мәжбүр болады. Оптимус жерде жоқ кезде, Бамблби, Хаунд, Дрифт, Кроссхейз, Трейлбрекер, Блер және Динобот Гальватронға ғарыштың көпір салуға кедергі жасайды. Мұнымен қатар, адамдар да Автоботтарға көмектесу үшін Трансформерлер жасай бастайды.

maxresdefault (1)

«Мен ұсқынсызбын 3»

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Кайл Балда, Пьер Коффан, Эрик Гуильон
Рөлдерде: Кристен Уиг, Стив Карелл, Миранда Косгров, Трей Паркер, Рассел Брэнд
Мемлекеті: АҚШ

Бұл мультфильмнің желісі де көпшілікке таныс. Ол әдеттегідей кішкене бүлдіршіндерді достыққа берік болуға, мейірімділік пен игі істерге баулиды.


Жіберіп алмаңыз:

Арман мен Ашаның екінші сәби сүйетіндері рас па?

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды

Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Талқылау