Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу облысында 3 жыл бойы іздестірілген қазақстандық қылмыскер ұсталды

Мәскеу облысында 3 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ер адам Балашиха қаласында ұсталған. Қылмыскерді ұстауға бағытталған операцияға Ресейлік гвардия сарбаздары мен қылмыстық іздестіру қызметкерлері жұмылдырылды. Ер адам 3 жыл бойы халықаралық деңгейде іздестірілген.

«Ресей ІІД қалмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері Ресейлік гвардия сарбаздарымен бірге 36 жастағы ер адамды ұстады. Ол 3 жыл бойы Интерпол арнасы бойынша халықаралық іздеуде болған», – деп мәлімдеді ресейлік ІІД ресми өкілі Ирина Волк.

Ресми өкілдің мәліметінше, ер адам Қазақстанда қылмыс жасаған. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұрлап әкетіп, зиратқа апарып, қарудан атып тастаған.

«Қазіргі уақытта қылмыскер қамауда отыр. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», – дейді министрлік өкілі.

Оқи отырыңыз:

Жас жігіт метро рельсіне құлап кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Белгісіз біреу Өзбекстанмен шекарада ішінде 500 мың доллар бар сөмке тастап кеткен

Бүлдіршін суретке түсіріп тұрған анасының көз алдында баспалдақтан құлап кетті (видео)

Танымал әнші жолында кездескен адамдарға миллион доллар таратып берді (фото)

Талқылау