Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мармелада» тобы: Қайрат Нұртас, біздің Нюшадан еш жеріміз кем емес (видео)

Қазақстандық шоу-бизнес әлеміне су жаңа «Мармелада» атты топ қосылды. Анастасия және Мария есімді қос арудан құралған дуэт алғашқы бейнебаяндарын да түсіріп үлгерді.

12976343_105739723166653_1675640030_n

«Басқалардан ерекшеленгіміз келеді. Яғни, біздің образымыз сексуалды бірақ өрескел болмауы керек. Қазақстандық әншілердің образдары бір-біріне ұқсайды. Барлығы ұзын етекті, тастармен көмкерілген көйлек киіп, шаштарын бұйралап алады», – деді қыздар «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бүгінде жаңадан құрылған топтың репертуарында екі авторлық ән бар. «Пароль» атты туындының бейнебаяны Украина астанасында түсірілді. «Қыздар мұнымен тоқтап қалмаймыз, екінші әнге де клип түсіру жоспарымызда бар», – дейді.

Тыңдармандар «Мармелада» тобын ресейлік «Виагра», «Серебро» топтары мен Нюшаға ұқсататын көрінеді. Нюша демекші, қыздар онымен бірге ән жаздырған Қайрат Нұртасқа тікелей «шабуыл жасады».

«Қайрат Нюшамен бірге ән жаздырды, неге бізбен бірге де жазбасқа? Қайрат, біздің Нюшадан еш жеріміз кем емес! Қайрат Нұртас бізбен бірге ән жаздырса, Төреғалидің тойларының бәрі бізге тиесілі болады», – дейді қыздар.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Серік Ибрагимов қалыңдығын ұзатып алды (фото, видео)

Талқылау