Маңғыстауда 200 мың теңге жалақыға көңілі толмаған мұнайшылар аштық жариялады

Сәрсенбі, 5 Қазан , 2016 10:10

Талаптарын орындата алмай, аштық жариялап жатыр. Маңғыстауда «Бұрғылау» деп аталатын жеке меншік компанияның жүздеген қызметкері бүгін бесінші күн қатарынан жұмысқа шыққан жоқ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

0ItbwMnEuVQ

«Ала жаздай жарытып ақша алмадық» деген мұнайшылар басшылықтан ақшаларын көтеруді талап етуде.

“Бұрғышы машинисі болып істеймін бесінші дәрежеде. Менің алатыным 150 мың, 200 мың айлық алам. Ол маған ешқандай кредитіме  жетпейді, бала-шағама да жетпейді. Бала бағып отырмын. Біздің талабымыз сол, біздің ақшамызды көтергенін, « ЕСIOT» дегенді көтеруін талап етіп отырмыз”, – дейді мұнайшы Нұрберген Қошқарбаев.

Жұмысқа шығуды қойған жаңаөзендік мұнайшылар компания кеңсесінің алдында отыр. Қойған талаптарымен басшылықтың жуық арада келісе қоймайтынын білсе керек, өздерімен бірге жерге жаятын кілемдерін де ала келген. Наразы жұмысшылардың сұрап отырғаны – жағдай жасау, сондай-ақ, ұлттық компаниялардағыдай жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу. Бірақ, жекенің меншігіндегі «Бұрғылау» компаниясының оның бәрін орындауға қауқары жетпейді екен. Мұны басшылығы ашық айтып отыр. Әрі бұл мәселенің туындауы – жаздағы жұмыс уақытының қысқаруынан екен. Өйткені, мұнай бағасы арзандаған соң, тапсырыс та азайған. Дегенмен, алыс-берістегі жағдай оңалса, жалақы да көтеріледі деп уәде етуде.

-“Бұл жерде жұмысшылар қатты қателесіп отыр. «ЕСIOT» деген ол ұлттық компаниялардың деңгейінде енгізілетін жүйе. Ал біз жекеменшік компаниямыз. Тапсырыстың азаюына байланысты, компаниямыз қиын жағдайда қалды. Алайда, несие алып, айлық төлеп жатырмыз. Бұл тығырықтан шығу үшін тапсырыс берушілерге тарифті көтеру туралы ұсыныс айтпақшымыз”, – дейді «Бұрғылау» ЖШС бас директоры Дүйсенбай Таушанов.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында жас жігіт жауапсыз махаббаттан өзіне қол салды

Үндістанда екі оқушы сабақ үстінде мұғалімін аяусыз пышақтап өлтірді

Аралда тұратын емші бала Ербосынға жұрт іздеу салып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы ,,адамнын,, коршиси жогары билимди дәрігердің алатын айлыгы 80,000 теңге, оның да бала шагасы бар, кредиттин тауқыметі онын да касирети. Ол жогары билимди, ал забастовкада жаткан жумысшы уш айлык курстын корочкасын сатып алган ,,белсенді,,. Жалпы Жаңаөзен каласы осындайлардын кырсыгынан зардап шегуде. Сонгы бес жылда жумыска адам алуга жарияланган мораторий салдарынан калада жумыссыздык оршиди. Бұл да осылай бирнеше рет жалгаскан забастовканын кырсыгы. Олар забастовкада жаткандар тек кушти ғана мойындайды, оларды куштеп тәртіпке шакыру керек, зан жүзінде. Жумыстан босатып орындарына, ЖОО битирип жумыссыз кангып жургендерди жедел кабылдау, олар 80,000-100,000 тенгеге жумыс жасауга кулыкты. Жалпы Жаңаөзен мұнай касипшилигин қайта құру керек, касипшиликтеги төрт курылымды, төрт НГДУ-ды ,,Казмунайгаз,, да калдырып калган мекемелерди онын курамынан шыгару керек. Олар жумысты тендерлик негизде ала алытындай жуйе калыптастыру кажет. Бизди биліктин коркактыгы тан калдырады. Казирги оздерин мунайшымын дейтиндердин ишинде жергілікті халык окилдери аз, копшилиги туркмебашынын таягымен озбектин бегинин тепкисинен қашып келгендер. Олар Елбасынын камкорлыгын онын осалдыгы деп тусинди, ол айналып келгенде өткен кездери орын алган келенсиздиктерге алып келди. Тағы да сондай соракылыктар орын алмас ушин биликтин батылырак кимылдайтын уакыты жетти.

    • Анонимно says:

      Сол адамдардын жумысын жасап кору керек, сосын айтасындар 200мын азба коппе. Дым жасамай алып отыргандар айта береди.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар