Аралда тұратын емші бала Ербосынға жұрт іздеу салып жатыр

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 22:23

Жас емші Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбеде тұрып жатыр екен.  “Үкілі бала” ауылы Аралқұмды тастап, қалаға білім іздеп келіпті. Болашақта дәрігер  болғысы келетін Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәріс алмақшы екен. Емін де қатар жүргізіп жүр. Түске дейін мектепке барса, түстен кейін емделушілерді қабылдайды.

Ербосын

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүкіл елге үкілі бала деп танылған емші Ерболсын Серікбаев Аралқұмды Ақтөбеге ауыстырыпты. Баланың елден кетуіне ауылдағы білім сапасының төмендігі себеп болған. Болашақта терапевт болғысы келетін  Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәрістер алғысы келеді екен. Биыл 8 сыныпта оқиды.

“Бір жағынан білімімді жетілдіру үшін, бір жағынан өзімнің мамандығымның иесі болу үшін келдім. Бірінші болып бізге биология, алгебра, геометрия сынды пәндерді жетік меңгеру керек”, – дейді емші Ерболсын Серікбаев.

“Ең бірінші сіз маған мектеп оқушысыз, маған сіздің сабаққа қатысқаныңыз, сабақ үлгерімінің жақсы болғаны ғана керек дедім. Әзірше сабаққа мүлдем қатыспаған күндері болған жоқ. Әрине, денсаулығына байланысты қалып қойған сәттері бар”, – дейді сынып жетекшісі Клара Дүйісова. Ерболсын түске дейін мектепке барса, түстен кейін емін жүргізеді. Емші баланы ауылынан таппаған ел Ақтөбеге іздеп келіп жатыр. 9 жылдан бері төсекке танылған Үрзада апай да Ерболсынның емі үшін Түлкібастан келіпті.

“Таппай жүрмін ғой бұл баланы. Аралқұмда да болдым. Мен жүре алмайтынмын (жылайды), 9 жыл болды жатып та қалғанмын. Енді құдай қаласа осы таяғымды тастап жазылып кетсем”, – дейді емделуші Үрзада Қалтаева.  Ал Ерболсын Серікбаевтың анасы болса, Ақтөбеге  баласының қалауымен көшіп келгенін айтады. Баланың  бойында емшіліктен басқа да өнерлері бар екен. Сондықтан да қалада Ерболсынның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер көп дейді анасы.


Жіберіп алмаңыз:

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

“Балық баланы” бүгінде дәстүрлі емес медицинамен емдеуде

Қызыма хат. Қазақстанда қыз болып туылудың кемшіліктері

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мекен жайы керек еді?

  • Абзал says:

    коздеринди ашындар агайындар!
    Емши баксы балгерге сенип барган адам,Алладан тускен китапка жане онын пайгамбарын отирикке шыгарганмен тен….!
    Бул Пайгамбарымыз Мухаммед алейхи ассоляту уассалямнын сози….!

  • Анонимно says:

    Мекен жайы кандай

  • Анонимно says:

    Оте керемет колдаиымын окыганы артык етпеиди. Касиети оте керемет мен сенемн касиети бала алла нурын токсн аман бол емин халыкка шипа болсын аиналаиын.

  • Анонимно says:

    Мусылман адамга екi жолмен гана ем кабылдауга болады: 1. Медицина, бiлiктi дарiгерлердiн комегiмен, 2. Кураннын сурелерiн оку аркылы бiлiктi имамдардын комегiмен. Ал шайтанмен байланыскан Кураннан сауаты жок шамандык адiспен емдейтiн корiп келдерге емшiсымактарга баруга тыйым салынган мусылмандарга!

  • Анонимно says:

    Мекен жайын номерін қайдан табуға болады? Айтасыздарма? Маған керек еді?

  • Жұмбақ жан says:

    Актобеден кандаи адрестен тапсам болады номери болса жазндарш

  • Анонимно says:

    Ауылда қанша адам ақша тауып отыр еді бұл баланың арқасында.

  • meduZa says:

    Қыдыр атаның конкуренті болды ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар