Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда екі оқушы сабақ үстінде мұғалімін аяусыз пышақтап өлтірді

Үндістанда жоғары сыныптың екі оқушысы сабақ үстінде мұғалімін пышақтап өлтірді. Оқушының бірі оған дейін нашар тәртібі үшін сабақтан қуылған, деп жазады The Independent.

1475637799_pogudx3j7n4njb6beg_392a5b8f[1]

Делиде сабақ беретін Хинди мұғалімі Мукеш Кумар оқушылардан сынақ алып отырады. Осы кезде тәртібі нашар оқушы сыныпқа кіріп келіп мұғалімді ұра бастайды. Оған сыныптағы тағы бір оқушы қосылады. Олар мұғалімді пышақтап тастаған. Оқушылар қансыраған мұғалімді тастап қашып кетеді.

Мұғалім емханада көз жұмды. Оқушылар мұғалімнің сынаққа кіргізілмейтінін ескертпегендіктен осылай жасағанын айтқан. Осы оқиғадан соң үнді мұғалімдер бас көтеріп, оқушылар тарапынан болатын қауіптен сақтандыруды талап етті.

Мемлекеттік мектеп мұғалімдері ассоцияциясы биліктен Кумардың отбасына 120 мың фунт стерлинг өлемінде өтемақы төлеп, мектепке арнайы полицейлерді жұмысқа алуды талап етуде.

Мұғалімнің отбасы мектеп басшылығын кінәлады. Олар Мукеш Кумардың мектеп басшылығына екі оқушының нашар тәртібі жайында айтқанымен ешкім құлақ аспағанын айтады.

Мектеп директоры мұны жоққа шығарды.

Жіберіп алмаңыз:

20 жастағы қыз көңілдесінің әйелінен өлімші болып таяқ жеді (фото)

Бойжеткен: Тоқал аламын деп емес, тоқал алдым деп айқайлайықшы

24 жастағы бойжеткен байқаусызда 68 жастағы өзінің туған атасына күйеуге шыққан

Талқылау