Маңғыстау облысында рекордтық салмақпен нәресте өмірге келді

Бейсенбі, 10 Қараша , 2016 13:40

Облыстық перинатарлық орталықта 7 қараша күні 6 келі салмақпен қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай алып салмақпен соңғы бес жыл ішінде сәби туылмаған.

2cfd09989d033cac355d4dfea2f8647c04d8634a_900

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Мұнайлы ауданының 37 жастағы тұрғыны алтыншы баласын өмірге әкелді. Оның балаларының бәрі үлкен салмақта өмірге келген екен.

Оның алдыңғы балалары 3 келі 900 грамм, 4 келі 300 грамм, 5 келі 900 грамм болып туылған. Анасы үлкен салмақтығына қарамастан балаларының бәрін кесір тілігінсіз өзі босаныпты. Оны гинеколог Ақшолпан Балмағамбетова мен акушер Индира Әбиева босандырған. Анасы мен баласы өзін жақсы сезінуде.

«5 келіден артық салмақпен туылған сәбилер бізде алып бала саналады», – дейді орталықтың басшысы Роза Баданова.

Жіберіп алмаңыз:

Британиялық әйел балаларды 8 жасқа дейін емізуді ұсынды (фото, видео)

Мәскеуде ер адам бұзылған көлігін көтерем деп басы қысылып көз жұмды (фото)

Қытайдағы қазақ оқушының шығармасы жұрттың жүрегін елжіретті

Қытай дәрігерлері құлағынан айырылған науқастың қолына құлақ өсіріп шығарды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар