Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық әйел баласын 8 жасқа дейін емізбек (фото, видео)

40 жастағы Софи Эмма Роуз әлі күнге дейін баласын емізіп келеді. Ол өзге ата-аналарға да осылай жасауға кеңес беріп жатыр.

PAY-BRITISH-MUM-POSTS-VIDEOS-OF-HER-BREASTFEEDING-HER-FOUR-YEAR-OLD-SON-TO-ENCOURAGES-OTHER-MOTHERS-TO-N (1)

Бұл туралы mirror.co.uk хабарлайды.

Британиялық ана өзінің 4 жасар ұлын әлі күнге дейін емізіп жатыр. Осылайша, ересек балаларды емізуден тәжірибе жинамақ. Ол тәжірибесін бөлісу үшін видео түсіріп, оны YouTube желісіне жүктеп отырады. Дәл қазір Софи сүйіктісімен бірге Тайланд елінде тұрып жатыр. Оның бұл әрекетіне сүйіктісі Дэнидің еш қарсылығы жоқ екен.

“Балаларды емізудің маңызы зор. Ал табиғи сүттің қаншалықты пайдалы екенін айтпаса да түсінікті. Біріншіден, балаларыңыз физикалық деңгейде сіздің ол үшін не жасап жатқаныңызды түсінеді. Мен ана мен бала арасындағы эмоциялық байланыс туралы айтып жатырмын. YouTube желісіндегі видеоларға түрлі жағымсыз пікір жазылады. Аналардың неге бұлай жасайтынын әлі күнге дейін түсінбеймін. Алайда, мен олардың бұл пікірлеріне қарамастан, видеоларды жүктей беретін боламын.

PAY-BRITISH-MUM-POSTS-VIDEOS-OF-HER-BREASTFEEDING-HER-FOUR-YEAR-OLD-SON-TO-ENCOURAGES-OTHER-MOTHERS-TO-N (2)

Әрекетім үшін еш ұялмаймын. Болашақта мені қолдайтын аналардың табылатынына сенімдімін. Бала күнімде мен ерте есейіп, жалғыз өзім бөлек бөлмеде ұйықтадым. Әрине, әке-шешемнің мен үшін көп нәрсе жасағанын түсінемін. Бір шетінен олар қазіргі психологияның мүмкіндіктерін ескермеді ”, – дейді ол. Мұнымен қатар, Роуз баласы өздігінен бас тартпайынша оны емізе беретінін жеткізді.

PAY-BRITISH-MUM-POSTS-VIDEOS-OF-HER-BREASTFEEDING-HER-FOUR-YEAR-OLD-SON-TO-ENCOURAGES-OTHER-MOTHERS-TO-N (4)

Роуз видеоларына “Мен Шэйді қинап емізіп жүрмін бе?”, “Менің ұлымның досының анасы да осылай жасап жатыр” сынды тақырыптар қойған. Бұл – жағымсыз пікір жазушылармен күресудің бір тәсілі болса керек. Шэй сүт ішкісі келген кезде жылай бастайды екен.

PAY-BRITISH-MUM-POSTS-VIDEOS-OF-HER-BREASTFEEDING-HER-FOUR-YEAR-OLD-SON-TO-ENCOURAGES-OTHER-MOTHERS-TO-N (3)

“Ол жылаған кезде мен бірден еміземін. Осылайша, бірнеше минут ішінде ол жылағанын қояды. Аналардың қалайша туған балаларын емізбейтінін түсінбеймін. Менің видеоларым арқылы өзге балалар да есейгенше анасының омырауы арқылы сүт ішуге болатынын білсе екен деймін”, – дейді Роуз.

Шэй вегетариандық диета ұстанады. Бос уақытында Homeschooling ойынымен ойнайды. Білмеген сұрақтарының жауабын осы жерден алып отырады. Арасында мектептегі үйірмелерге де қатысады. Таңертеңгі және түскі асқа Шэй манго, банан, қарбыз сынды жемістер жейді. Бұларды қандай мөлшерде тұтынатынын өзі шешеді. Кейде түскі асқа күріш пен карри, жүгері мен картоп, үрмебұршақ жеуі мүмкін немесе салат таңдайды.

PAY-BRITISH-MUM-POSTS-VIDEOS-OF-HER-BREASTFEEDING-HER-FOUR-YEAR-OLD-SON-TO-ENCOURAGES-OTHER-MOTHERS-TO-N

“Менің жақын достарым мұны қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды. Ал әлемнің өзге түкпіріндегі ата-аналар мұны порно видеолардың қатарына қосады. Қандай жағдай болса да, мен осы үрдісті жандандыра түскім келеді”, – дейді ол.

Құрметті Stan.kz оқырманы! Ал сіздің бұл “үрдіске” деген көзқарасыңыз қандай? Балаңызды неше жасқа дейін табиғи жолмен емізуді жөн көресіз? Пікіріңізді бөлісе отырыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Диана Шарапова: Паранжа кигендерден құлдың балалары өсіп шығады

Қыз бала анасы мен әжесінікінен айнымайтын ақ шашпен туылған (фото)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)

Брэд Питт пен Анджелина Джоли балаларға қамқорлық жасауға қатысты келісімге келді

Талқылау